Спорт • 13 Желтоқсан, 2021

Шахматтан әлем чемпионаты Қазақстаннан Польшаға ауыстырылды

340 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

FIDE Халықаралық шахмат федерациясы блиц пен рапид бойынша әлем чемпионатын Польшада өткізеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Шахматтан әлем чемпионаты Қазақстаннан Польшаға ауыстырылды

Еске сала кетсек, өткен аптада Қазақстандық шахмат федерациясы FIDE-ге әлем чемпионатын қабылдай алмайтынын хабарлады.

Жарыс өткізу орнының ауыстырылу себебі Нұр-Сұлтан қаласындағы коронавирусқа қарсы шектеулер болды, соған сәйкес спортшылар бір апталық карантиннен өтуі керек еді.

Енді блиц пен рапид бойынша әлемдік біріншілікті Варшава қабылдайтын болады. Ол 25-31 желтоқсан аралығында өтеді.

Соңғы жаңалықтар