Спорт • 12 Желтоқсан, 2021

Хоккейден Қазақстан жастары Венгрия құрамасын жеңді

363 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін шайбалы хоккейден Қазақстан жастар құрамасы әлем чемпионаты бірінші дивизионында алғашқы ойынында Венгриядан басым түсті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Хоккейден Қазақстан жастары Венгрия құрамасын жеңді

Бүгінгі кездесуде қазақстандық хоккейшілер сәтті ойын көрсетті. Нәтижесінде Абай Маңғысбаев 1-минутта мергендік танытса, Всеволод Логвин 18-минутта есепті еселеді.

Ал екінші кезеңнің 25-минутында Қазақстан құрамасының басымдығын арттыра түсті. Бұдан кейін венгриялық хоккейшілер бір шайбамен жауап қайырды. Осылайша Қазақстан жастары қарсыласын 3:1 есебімен жеңді.

Енді еліміздің жастары 13 желтоқсанда Норвегияға қарсы мұз айдынға шығады.