Спорт • 12 Желтоқсан, 2021

«Барыс» елордада ресейлік командадан жеңілді

158 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін астаналық «Барыс» Құрлықтық хоккей лигасындағы кезекті ойынын елордада Ресейдің «Нефтехимик» командасына қарсы өткізді, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Барыс» елордада ресейлік командадан жеңілді

Бірінші кезеңде командалар бір-бірінің қақпасына көбірек шабуылдағанмен, қарсылас командалар қақпадан саңылау таба алмады.

Екінші кезеңде ресейлік команда сапынан Михаил Сидоров 37-минутта көздеген нысанадан мүлт кеткен жоқ. Одан кейін Александр Севостьянов 47-минутта «Нефтехимиктің» басымдығын арттыра түсті.

Ал 50-минутта «Барыс» хоккейшісі Якоб Берглунд мергендік танытты. Бұдан кейін қазақстандық клуб таразы басын теңестіруге ұмтылды. Соңғы минуттарда «Барыс» қақпашыны алтыншы ойыншыға алмастырды. Бос қақпаға ресейлік хоккейшілер гол соғып кетті. Осылайша елордалық клуб қарсыласына 1:3 есебімен есе жіберді.

«Барыс» енді келесі ойынын 21 желтоқсанда Ресейдің  Екатеринбур қаласында «Автомобилист» командасына қарсы өткізеді.