Спорт • 12 Желтоқсан, 2021

Хоккейден әлем чемпионатында ел құрамасы Венгриямен кездеседі

226 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін шайбалы хоккейден Қазақстан жастар құрамасы әлем чемпионаты бірінші дивизионында алғашқы ойынын Венгрияға қарсы өткізеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Хоккейден әлем чемпионатында ел құрамасы Венгриямен кездеседі

Еске салсақ, қазақстандық хоккейшілер А тобында сынға түседі. Қарсыластары - Дания, Норвегия, Венгрия, Латвия және Беларусь. Ойындар Данияның Херсхольм қаласында 12-19 желтосқан аралығында өткізіледі.

Қазақстанның қатысуымен өтетін ойын кестесі:

12 желтоқсан. 18:00. Венгрия - Қазақстан

13 желтоқсан. 18:00. Қазақстан - Норвегия

16 желтоқсан. 01:00. Қазақстан - Дания

16 желтоқсан. 21:30. Беларусь - Қазақстан

19 желтоқсан. 01:00. Қазақстан - Латвия.