Әлем • 10 Желтоқсан, 2021

Украина аумағына алаңдаған Байденге Путин жауап берді

509 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

НАТО-ның жетекші елдері Мәскеумен кез келген кездесулерінің форматын бекітпес бұрын АҚШ ЕО және Ресей Федерациясымен қосымша кеңесуі қажет, деп хабарлайды Egemen.kz

Украина аумағына алаңдаған Байденге Путин жауап берді

Бұл туралы Wall Street Journal газеті АҚШ Президенті Әкімшілігінің аты аталмаған өкіліне сілтеме жасап ақпарат таратты.

«Алдағы екі күнде біз еуропалық серіктестерімізбен келіссөздерді жалғастырамыз. Біз алға жылжу жолын табу үшін ресейлік серіктестерімізбен келіссөздерді реттейміз», дейді басылым шенеуніктің сөзін келтіріп.

«Біз әрине, ресейлік тараппен осы мәселелердің толық тізімі туралы сөйлесуге дайынбыз», деп қосты ол.

Путин мен Байден сейсенбі күні қорғалған бейнебайланыс арнасы бойынша жабық режимде келіссөздер жүргізді. Ол екі сағатқа созылды. Келіссөз нәтижелері бойынша Байден әңгіме барысында Украинаның айналасындағы жағдайға алаңдаушылық білдіріп, дипломатиялық реттеуге шақырғанын және шешуші шаралармен, соның ішінде экономикалық шаралармен қорқытқаны туралы хабарлады. Путин америкалық әріптесіне Украинаның Минск келісімдерін орындамағаны туралы хабарлап, сонымен қатар НАТО Украина аумағын игеруге қауіпті әрекеттер жасап, Ресей шекараларында әскери әлеуетін арттыруға талпынып жатқанын атап өткен.

Келесі күні Байден АҚШ пен НАТО-ның жетекші елдерінің Ресеймен кездесуі дайындалып жатқанын айтты.