Қазақстан • 02 Желтоқсан, 2021

Коллекциялық монеталар айналымға шығады

651 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Қазақстан Ұлттық Банкі KIIZ ÚI және SALIÝT-1 коллекциялық монеталарын айналымға шығаратынын жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Коллекциялық монеталар айналымға шығады

Номиналдары 5 000 және 500 теңгелік күмістен жасалған KIIZ ÚI монеталары «Дала қазынасы» сериясын жалғастырады. Монеталардың дизайны киіз үй кеңістігінің шексіздігі мен ондағы көшпенділер әлемінің орнын білдіреді.

Монеталардың аверсінде киіз үй мен дала кеңістігінің келтірілген бейнелері аясында Мемлекеттік елтаңбамыз орналасқан, жоғары бөлігінде QAZAQSTAN RESPÝBLIKASY жазуы, төменгі бөлігінде Қазақстан теңге сарайының тауар белгісі, монеталардың номиналын білдіретін массасы 1 000 грамдық монетада – «5 000 TEŃGE»  және массасы 31,1  грамдық монетада – «500 TEŃGE» деген жазу ойылған.

1

2

Монеталардың реверсінде киіз үйдің, оның ішкі жабдығының бейнесі мен көшпенді халықтардың этномәдени өмірін айқындайтын тұрмыстық заттар бейнеленген.       

2   

2

Номиналы 500 теңгелік тантал бар күмістен, номиналы 200 теңгелік мельхиор қоспасынан және номиналы 100 теңгелік нейзильбер қоспасынан жасалған SALIÝT-1 коллекциялық монеталары «Ғарыш» сериясын жалғастырады. Монеталар Байқоңыр ғарыш айлағынан басқарылатын әлемдегі алғашқы «Салют-1» орбиталық ғарыш станциясының ұшырылғанына 50 жыл толуына орайластырылған.

Монета аверсінің орталық бөлігінде өткен мен бүгіннің байланысы ретінде адам мен Ғаламның бірлігін білдіретін композиция бейнеленген. Монеталардың оң жағында: тантал аралас күмістен жасалған монетада – «500 ТЕҢГЕ», мельхиор қоспасынан жасалған монетада – «200 ТЕҢГЕ», нейзильбер қоспасынан жасалған монетада – «100 ТЕҢГЕ» номиналын білдіретін жазулары бар.

1

Тантал бар күмістен жасалған монетадағы номиналдың астында монета жасалған металды, оның сынамасы мен массасын білдіретін «Ag 925 14,6 g Та 26,8 g» деген жазу орналасқан. Төменгі жағында – Қазақстан теңге сарайының логотипі бар. Монеталдың жиегі мемлекеттік тілде «QAZAQSTAN RESPÝBLIKASY» және ағылшын тілінде «REPUBLIC OF KAZAKHSTAN» деген жазумен көмкерілген.

Монеталардың сырт жағында «Салют-1» орбиталық ғарыш станциясының бейнесі орналасқан. Монеталардың мемлекеттік тілдегі, орыс және ағылшын тіліндегі аты, сондай-ақ оқиғаның мерейтойлық датасын білдіретін «1971-2021» жазуы бар. Сол жағында – ғарыштан көрінетін Жер бетінің бейнесі. Төменгі бөлігінде - ағылшын тіліндегі BAIKONUR жазуы бар.

2

Айта кетсек, монеталар кәдесыйлық орамда шығарылады, олардың мемлекеттік, орыс және ағылшын тілдерінде ҚҰБ-тың нөмірлік сапа сертификаты бар.

Коллекциялық монеталар Қазақстан теңге сарайында дайындалған.