Қазақстан • 29 Қараша, 2021

Біздегі білім кәсіпкердің ісін халықаралық деңгейге шығарады - Алина АБДРАХМАНОВА

273 рет
көрсетілді
5 мин
оқу үшін

Covid-19 пандемиясының салдары Қазақстан экономикасына едәуір теріс әсерін тигізді. Індеттің кесірінен елімізде мыңдаған кәсіпкерлік нысандары былтыр-ақ өз қызметтерін тоқтатуға мәжбүр болды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Біздегі білім кәсіпкердің ісін халықаралық деңгейге шығарады - Алина АБДРАХМАНОВА

Соған қарамастан, 2021 жылы елде шағын және орта бизнес компанияларының саны 3,3 пайызға өсіпті. Осылайша, Қазақстанда 3 миллионнан астам азамат кәсіпкерлікпен айналыса бастады. Алайда, көптеген кәсіпкерлерге бизнесті одан әрі дамыту үшін қазіргі тенденцияларға сәйкес келетін тәжірибе, қажетті байланыстар мен дағдылар жетіспейді. Сондықтан да осындай кәсіпкерлерге қажетті дағдыларды игеруге көмектесетін жеке бизнес-мектептері ірге қалады.  

Сондай білім ордаларының бірі – кәсіпкердің сұранысына қарай әртүрлі бағдарламаларды ұсынатын КАЗГЮУ бизнес-мектебі. Оқу орнының директоры Алина Абдрахманованың айтуынша, ондағы кәсіпкерлік бағытындағы білім беруде қалыптасқан тәжірибелері бар топ-менеджерлер бизнесмендердің біліктілігін арттырып қана қоймай, нарықтың оқыс жағдайларына бірден дайын болатын болашақ басшыларды қалыптастыра алады. Бизнес-мектебінің МВА бағдарламаларының арқасында білім алған басшылар нақты уақытта өз компанияларының жұмысына үздік тәжірибелерді енгізіп, пайданың өсуіне ықпал етеді.

КАЗГЮУ бизнес-мектебінің «шетелге шығу» модульдерінің арқасында басқа елдердің кәсіпкерлерімен, профессорларымен және оқытушыларымен қарым-қатынас жасау мүмкіндігі бар. Осылайша, МВА бағдарламасы біздің отандық кәсіпкерлердің жергілікті нарықта ғана емес, халықаралық деңгейде байланыс орнатуына жағдай туғызады. КАЗГЮУ-дың Executive MBA бағдарламасы үшін 3 шетелдік модуль, ал МВА жалпы курсы аясында 1 модуль қарастырылған.

МВА студенті Швейцария, Испания, АҚШ, Ресей, Оңтүстік Корея секілді елдер тізімінің ішінен қалаған мемлекетін таңдай алады. Модуль 2 күндік курстан тұрады, содан кейін шетелдік компаниялардың топ-менеджментімен кездесулер мен жаңа танысулар басталады.

«МВА бағдарламасы аясында білім алып, сіз шет мемлекетке де шыға аласыз. Ол жақта тәжірибеден өтіп, бизнес-процестермен, компаниялардың топ-менеджментімен, іскерлік қауымдастықтармен танысасыз. Сізде маңызды коллаборацияларды іске асыру мүмкіндіктері пайда болады. Қазірдің өзінде серіктестік желіңізді кеңейтіп, ал ертең тұтынушылар базасын арттырудың жолдарын жасап қойдық. Ең бастысы – өз бизнесіңізді халықаралық деңгейге шығарып, дамытасыз»,  дейді Алина Абдрахманова.

МВА мектептері оқыту сапасына кепілдік беретін халықаралық аккредиттеуден өткен. МВА бағдарламаның нақты мақсаты – басшының тәжірибесін құрылымдап, оның белгілі бір қалыптасқан жүйесін жасау. Бұл бизнесті дайын модель бойынша басқаруды жеңілдетеді және қажет болған жағдайда өзгерістерге бейімделуге көмектеседі. Сайып келгенде, МВА – ең күтпеген міндеттердің шығармашылық және ең тиімді шешімдерін табуды үйрену.

Айта кетерлігі, КАЗГЮУ бизнес-мектебінің оқытушыларының қатарында халықаралық компаниялардың қазіргі басшылары мен кәсіпкерлері бар. Оқытушылар құрамының жартысы – шетелдік  профессорлар, сарапшылар мен практиктер. Оқытушылардың шамамен 60 пайызы докторлық дәрежеге ие, көбі ғылыми зерттеулермен айналысады, іс жүзінде барлық оқытушылар Cambridge, Harvard, Oxford немесе Berkeley сияқты шетелдік жетекші жоғары оқу орындарында білім алған.

«Біздің қоғамымызда барлық МВА бағдарламалары ескірген деген түсінік қалыптасқан. Бірақ біздің КАЗГЮУ бизнес-мектебінің үлгісінде бұл көзқарасты жоюға болады, себебі біздің бағдарламаларымыз тез өзгеретін тенденцияларға бейімделетін модульдерін ұсынады. Егер МВА атын жамылған университеттер туралы айтар болсақ, олар 500 000 теңге төлеп, қысқа мерзімде бүкіл бағдарламадан өтуді ғана емес, сонымен қатар бір жыл ішінде, тіпті екі жыл бұрын бекітілетін бағдарламаларды да бірден өтуді ұсынады. Қазіргі уақытта бизнеске байланысты ұзақ мерзімді бағдарламаларды құру пайдасыз, өйткені трендтер күн сайын өзгеріп жатыр.

Тағы ескеретін жайт, рейтингілік, жоғары деңгейлі университеттердегі МВА құны арзан болуы мүмкін емес. МВА – ШАБЛОНДЫҚ ОҚЫТУ ЕМЕС, бұл - оқытушылармен және топтас студенттермен өзара қарым-қатынастар. Көптеген арзан бағдарламалар кәсіпкерлерге видеобейнеге жазылған курстардан өтуді ұсынады. Сапалы бизнес-білім беру жоғары білікті сарапшылармен тікелей өзара қатынастан құралған. Сәйкесінше, бұл арзан болмайды», дейді Алина Абдрахманова.

МВА – студенттен әртүрлі дағдыларды дамытуды талап ететін, оны бизнестің мәлім де беймәлім тұстарына терең бойлататын кешенді тәсіл. Оның бір күндік курстардан айырмашылығы – бизнестің бір саласын ғана қамтымай, кәсіпкерлікке жан-жақты көзқараспен қарауға мүмкіндік береді.

Кассир, маркетолог, директор және HR қызметтерін бір адам атқаруды тоқтатқан кезде басшы өзге адамдарды жұмысқа алуды бастайды және осы сәттен бастап команда құрылып, бизнес ұйымға айналады. Кез келген ұйымды жүйелі түрде басқару керек, бұл жеке бизнес немесе ұлттық компания болса да еш айырмашылық жоқ. Сондықтан, МВА жеке бизнес басшыларына оны жүйелеу, масштабтау және жаңа деңгейге шығару үшін қажет.