Қазақстан • 26 Қараша, 2021

Еліміздің солтүстік өңірлерінде аяз күшейеді

548 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Синоптиктер 27-29 қарашада елімізде қандай ауа райы болатынын айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Еліміздің солтүстік өңірлерінде аяз күшейеді

«Қардың түсуіне байланысты Қазақстанға Солтүстік-Батыс антициклоны ығысады. Салдарынан жауын-шашынсыз ауа райы мен республиканың солтүстігінде ауа температурасының төмендеуі күтіледі. Бірақ елдің батыс өңірлеріне Ресейдің Еуропалық аумағының аудандарынан жылы фронт әсер ететін болады, осыған байланысты бұл өңірлерде күндізгі уақытта ауа температурасының көтерілуі болжанады», деп жазады «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметі.

Еліміздің солтүстік аймақтарында ауа температурасы түнде 10-18, күндіз 7-15 аязға дейін төмендейді, еліміздің батысында күндіз термометр 0-5 жылуға дейін, ал оңтүстік-батыста 12 жылуға дейін, шығыста ауа температурасының түнде 15-23-тен 8-16 аязға дейін, күндіз 0-10 аяз болады. Республиканың оңтүстігінде 0-10 аяздан 0-5 жылуға дейін, күндіз 0-10 жылудан 3-15 жылуға дейін көтерілуі, ал елдің оңтүстік-шығысында 7-18-ден 0-10-ға дейін аяз, күндіз 3-11-ден 3-ке дейін аяз, 7 жылу күтіледі.