Аймақтар • 24 Қараша, 2021

Күндіз жортқан қара күзен

981 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Сүліктей қара күзен жолды кес-кестей өтіп, жағалаудағы қайыңға өрмелей жөнелген. Қайыңның бел ортасына шығып, жан-жағына жалтақтай қараған сәтте, табиғат қорғаушысы Ерік Қасымов фотоға тартып үлгеріпті. Сөйтсе, жай күзен емес, америка күзені екен.

Күндіз жортқан қара күзен

Дене тұрқы шағын болғанымен, терісі бағалы жануардың жыртқыш­тығы сондай, өзінен де ірі аң-құстарға шабуылдай беретін көрінеді. Төрт-бес метр тереңдікке сүңги алатын қара күзен балыққа ауыз салуы былай тұрсын, су бетіндегі қаз-үйректі тістесе де, тырп еткізбейді екен. Жыл он екі ай табиғатты қорып жүр­ген қорықшылардан естігенім бар; сі­леу­сінмен бетпе-бет келген қара кү­зен мысық тұқымдастың мысын да басып жіберіпті. Денесінің ұзын­дығы 31-50 сантиметр бола тұра ірі аң­дармен айқасқа түсетін күзеннің түймедей көздеріне қарап, жұп-жуас жануар дерсіз. Алайда жыртқыштың – жыртқышы. Сөйте тұра қолға тез үйренеді. Сонау Солтүстік Аме­­ри­ка­ны мекен ететін қара күзен Шы­ғыс­та, Бұқтырманың аңғарына қайдан пайда болды десек, 1930-жылдары әкелініпті. Содан бері өскен, өнген. Бүгінде ұлттық парк аумағында 500-дей Америка күзені бар екен.

– Ұлттық парктің Ақсу филиалынан келе жатып, орман ішінен жып-жылтыр болған қара күзенді көріп қалдым. Лып етіп ағашқа шығып кетті. Қимылы нет­кен ширақ еді. Азығын көбінесе түнде аулай­тындықтан, күндіз көзге түсе бер­мейтін, – дейді Катонқарағай мем­лекеттік ұлт­тық табиғи паркінің жа­нуарларды қор­ғау және өндіру бөлімі бастығы, фото­су­реттің авторы Ерік Қасымов. 

Көбеюі қалай тез болса, өмір сүру жылдары да соғұрлым қысқа, ары кеткенде төрт-бес жыл ғана. Қуанар­лығы, қара күзеннің терісі бағалы болғанымен, аңшыларды аса қызық­тырмайды. Себебі күзеннің терісінен тон, ішік тігетін тігіншілер біздің елде жоқ. Болған жағдайда, коммерциялық мақсатта жеке фермаларда өсірер еді. Шетелдерде солай, терісі үшін арнайы фермаларда өсіріледі, бапталады. Бір тон үшін орта есеп­пен көздері жәудіреген он күзеннің тері­сін сыпырады. Ал Катонқарағай ұлт­тық паркінде америкалық күзен қорық­шы­лардың қорғауында.

 

Шығыс Қазақстан облысы,

Катонқарағай ауданы

Соңғы жаңалықтар

Петропавлда базардағы сауда орны өртенді

Төтенше жағдай • 08 Қараша, 2025

Қайта жанданған «Qazaq Camel»

Өндіріс • 08 Қараша, 2025

Теңге бағамының қаржы нарығына әсері

Экономика • 08 Қараша, 2025

Елге сенімі жоғары

Қоғам • 08 Қараша, 2025

Сазды мектебінің үздік ұстазы

Ұстаз • 08 Қараша, 2025

Мұратану мұраты

Ғылым • 08 Қараша, 2025

ЖИ туралы заң нені көздейді?

Жасанды интеллект • 08 Қараша, 2025

Карбон полигонының мүмкіндігі зор

Шаруашылық • 08 Қараша, 2025

Еңбеккерлердің мерейін тасытты

Аймақтар • 08 Қараша, 2025

Ұлттық спорт – табыс көзі

Ұлттық спорт • 08 Қараша, 2025

Ізденген ілгері басады

Қоғам • 08 Қараша, 2025

Кішкентай қателік

Ғалам ғажаптары • 08 Қараша, 2025

Сац театры: сахнадағы 80 жыл

Театр • 08 Қараша, 2025

Тәтті тасқын

Ғалам ғажаптары • 08 Қараша, 2025