Аймақтар • 23 Қараша, 2021

«Түрленген Тараз» республикалық байқауының үздіктері анықталды

510 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Көне шаһардың көз тартар сұлулығын объективке сыйдырған жас шеберлер «Түрленген Тараз» республикалық байқауына «Үздік мобилограф», «Үздік дрон түсіруші», «Үздік фотограф» секілді 15 номинацияда дайындаған материалдарын жолдаған, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Түрленген Тараз» республикалық байқауының үздіктері анықталды

Жеңімпаздарды марапаттау рәсімі «Көне Тараз» тарихи-этномәдени кешеніндегі облыстық тарихи-өлкетану музейінде өтті.

Жалпы байқауға қатысқан 46 адамның ішінен 15 қатысушы оза шауып, әр номинация бойынша үздік атанды. Олардың әрқайсысы күн санап көркейіп, жаңа кейіпке енген Тараз қаласының бүгінгі кескін-келбетін фото-видео материалдар арқылы барынша әсерлі көрсете білген.

Сондай-ақ байқауды ұйымдастыруға белсенді атсалысқаны үшін облыстық «ARAI» жастар газетінің фототілшісі Алтынбек Қартабай, Дулат Шиқпанбетов, Азат Байтемиров, Бақытбек Суанбеков сынды сала мамандары да марапаттан тыс қалған жоқ.