Қазақстан • 23 Қараша, 2021

Ұлттық павильонда Шымкент қаласының күндері өтіп жатыр

264 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

22-24 қарашада EXPO-2020 Dubai дүниежүзілік көрмесіндегі Қазақстан Республикасының Ұлттық павильонында Шымкент қаласының күндері өтіп жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.

Ұлттық павильонда Шымкент қаласының күндері өтіп жатыр

Іс-шаралар аясында еліміздің ең ірі өңірлерінің бірінің түрлі іскерлік және мәдени шараларын өткізу жоспарланған. Үш күн бойы Қазақстанның оңтүстік өңірінің мәдениеті, өнері, рухани құндылықтары мен қонақжайлылығы таныстырылады.

Ашылу салтанатына Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары Шыңғыс Мұқан, қала әкімінің орынбасары Айбек Сәттібаев және Шымкент қаласының бизнес-қоғамдастықтарының делегациясы қатысты.

Дүниежүзілік көрме қонақтарына жергілікті тауар өндірушілердің, атап айтқанда, елімізде және шетелде танымал Bal Textile, Akniet Pharmaceuticals компаниясының өнімдері таныстырылып, сондай-ақ «Сандық» ұлттық тағамдар мейрамханасы келгендерге есігін айқара ашты.

Сонымен қатар қонақтарға виртуалды 3D-көзілдірік, туристік AR-кітаптар және имидждік бейнероликтер арқылы Шымкент қаласының туристік мүмкіндіктері көрсетілді.

Іс-шара қорытындысы бойынша әлемнің түрлі елдерінен келген қонақтар мен қатысушылар өңірге жоғары қызығушылық танытып, өңірмен бұдан әрі де қызметтің әртүрлі салаларында халықаралық ынтымақтастық орнатудың даму әлеуетіне тоқталып өткенін айта кеткен жөн.

Соңғы жаңалықтар

ЮНЕСКО марапаттаған Мансұров

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:10

Алғашқы PhD

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:00

Мұқтаждың мұңын кім тыңдар?

Қоғам • Бүгін, 07:58

Электр стансасы салынады

Аймақтар • Бүгін, 07:48

Нобельді 2 рет алған ғалым

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 07:43

Ұлылар дәм татқан табақ

Жәдігер • Бүгін, 07:37