Қазақстан • 18 Қараша, 2021

«Интернетті реттеу»: ХІІ Орталық Азия Форумы басталды

296 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Бүгін MediaNet Халықаралық журналистика орталығы Конрад Аденауэр атындағы қордың және Нұр-Сұлтандағы ЕҚЫҰ Бағдарламалар офисінің қолдауымен «Интернетті реттеу» тақырыбында «Орталық Азиядағы интернет саласының дамуы InternetCA-2021» атты XII Орталық Азия форумы басталды, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Интернетті реттеу»: ХІІ Орталық Азия Форумы басталды

Екі күнге жалғасатын іс-шара гибридті форматта өтуде.

Конрад Аденауэр атындағы қордың Қазақстандағы өкілдігінің директоры Йоханнес Рай,  Нұр-Сұлтандағы ЕҚЫҰ Бағдарламалар офисінің басшысы д-р Фолькер Фробарт, MediaNet Халықаралық журналистика орталығының директоры Әділ Жалилов алғы сөз айтты.

Форум барысында онлайн-ресурстарды бұғаттау және сөз бостандығы, балаларды кибербуллингтен қорғау туралы заңнамалық бастама, мемлекеттің рөлі және жаһандық желіні реттеудің халықаралық практикасы, өзін-өзі реттеу мүмкіндіктері, интернетті реттеу бойынша Орталық Азия елдерінің ұлттық заңнамалық практикасы мәселелері талқыланады.

Іс-шараға халықаралық және орталықазиялық сарапшылар, мемлекеттік органдар мен үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері, журналистер, блогерлер, заңгерлер, интернет-белсенділер қатысады.

Бүгін Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі Кемелбек Ойшыбаев «Интернетті реттеу: Қазақстан және халықаралық практика» панельдік пікірталасына қатысты. Ол Қазақстандағы интернет желісін реттеудің қазіргі жағдайы мен перспективалары туралы баяндады.

Сондай-ақ, панельдік пікірталаста ЕҚЫҰ-ның БАҚ бостандығы мәселелері жөніндегі өкілі бюросының аға кеңесшісі Андрей Рихтер (Австрия), «Digital Paradigm» ҚҚ директоры, құқық қорғаушы, Құқық қорғаушылардың жаңа буыны коалициясының мүшесі, Цифрлық құқықтар жөніндегі сарапшылар тобының қатысушы Елжан Қабышев (Қазақстан), Human Constanta-ның негізін қалаушылардың бірі Алексей Козлюк (Беларусь), «Интернетті қорғау қоғамының» басшысы Михаил Климарев (Ресей) сөз сөйледі.

Форумның екінші күні адам құқықтары мен бостандықтары саласындағы онлайн-жобалардың тұсаукесерлері мен шеберлік сабақтарына арналады.