Спорт • 18 Қараша, 2021

Бүгін «Барыс» «Спартакпен» кездеседі

226 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«Барыс» бүгін Құрлықтық хоккей лигасындағы кезекті ойынын Ресейде «Спартак» командасымен өткізеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Бүгін «Барыс» «Спартакпен» кездеседі

Кездесу елорда уақытымен 22:30-да басталып, «Qazsport» телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі. Екі команда бүгінге дейін 25 мәрте шеберлік байқасты. Оның 15-і «Барыстың» басымдығымен аяқталса, қалғанында ресейлік клубтың мерейі үстем болды.

Екі команда арасындағы соңғы алты кездесудің үшеуінде қазақстандық клуб жеңіске жетті. «Барыстың» биылғы турнирдің соңғы алты кездесуінің екеуінде жолы болды, қалғанында қарсыластарына есе жіберіп қойды.

Ал «Спартак» соңғы алты кездесудің біреуінде қарсыластарын тізе бүктірді.