Қазақстан • 16 Қараша, 2021

Жыл соңына дейін барлық полиция бөлімдері бейнебақылаумен қамтылады - Президент

208 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ішкі істер органдарын бейнебақылаумен қамтудың маңыздылығына тоқталды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Жыл соңына дейін барлық полиция бөлімдері бейнебақылаумен қамтылады - Президент

«Осыдан бір ай бұрын алты өңірде мүгедектікті анықтау бойынша проактивті сырттай қызмет көрсетудің пилоттық жобасын іске асыру басталды. Ол біздің отандастарымыздың арасында сұранысқа ие және жаңа жылдан бастап бүкіл ел бойынша жаңа форматқа ауыстырылатын болады. Тағы бір мысал – полицияның қызметтік үй-жайлары мен ҚАЖ мекемелерінде жаппай бейнебақылау жүйесін енгізу», деп атап өтті Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің VI отырысында.

«Бұл жұмыс 2023 жылдың соңына дейін жалғасады. Алайда, осы жылдың соңына дейін барлық полиция бөлімдері бейнебақылаумен қамтылады», деп түйіндеді Мемлекет басшысы.

Еске сала кетсек, елордада Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің VI отырысы басталды. Іс-шара барысында Ұлттық кеңес шеңберінде бұрын берілген Президент тапсырмаларының іске асырылу барысы талқыланады, сондай-ақ қоғамдық, әлеуметтік-экономикалық және өңірлік даму мәселелері бойынша ЖСҰК мүшелерінің ұсыныстары қаралады деп күтілуде. Отырыс түрлі өңірлерден қатысушыларды қосу арқылы онлайн-форматта өтіп жатыр.