Қоғам • 15 Қараша, 2021

Мұхтар Тілеуберді Астана және Қазақстан Митрополитімен кездесті

175 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді Астана және Қазақстан Митрополиті Александрмен кездесті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Мұхтар Тілеуберді Астана және Қазақстан Митрополитімен кездесті

М.Тілеуберді конфессияаралық келісімнің қазақстандық моделінің ерекше рөлін және биылғы 6 қазанда өткен Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері съезі хатшылығының кезекті отырысының оң нәтижелерін атап өтті.

Митрополит Орыс православие шіркеуінің еліміздегі конфессияаралық келісімді нығайтуға қосқан үлесі туралы хабарлады. Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің VII съезі 2022 жылғы 14-15 қыркүйекте Нұр-Сұлтан қаласында өтеді. Алдағы съездің басты тақырыбы «Пандемиядан кейінгі кезеңде адамзат өркениетінің рухани және әлеуметтік дамуындағы әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының рөлі».