Қоғам • 15 Қараша, 2021

Ұлттық кеңестің алтыншы отырысы өтеді

192 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

16 қарашада Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің алтыншы отырысы өтеді. Бұл туралы ҚР Президентінің көмекшісі, Ұлттық кеңес хатшысы Ерлан Қарин Telegram-дағы парақшасында жазды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Ұлттық кеңестің алтыншы отырысы өтеді

«16 қарашада Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің алтыншы отырысы өтеді. Отырыс онлайн форматта өткізіледі. Отырыстың күн тәртібінде Ұлттық кеңес шеңберінде бұрын берілген Президент тапсырмаларының іске асырылу барысын, сондай-ақ қоғамдық, әлеуметтік-экономикалық және өңірлік даму жөніндегі ұлттық кеңес мүшелерінің ұсыныстарын талқылау жоспарлануда», деп жазды Ерлан Қарин.