Әлем • 12 Қараша, 2021

Үш оқу орнының студенттері шұғыл эвакуацияланды

285 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мұхиттың арғы бетінде жалған ақпарат таратушылардың қарасы сирейтін емес. АҚШ-та үш бірдей жоғары оқу орнының студенттері шұғыл эвакуацияланды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Үш оқу орнының студенттері шұғыл эвакуацияланды

Оңтүстік Калифорния, Нью-Йорк университеті және Массачусетс технологиялық институтының студенттері бүгін шұғыл түрде эвакуацияланды.

Оқиға орнына полиция қызметкерлері келді. Олар ғимараттарды тексеріп, университет аумағында жарылғыш заттың жоқ екенін анықтап, түскен хабарламаны жалған деп таныды. Қазір білім ордалары қалыпты жағдайда жұмыс істеуде.

Америкалық телеарналардың хабарлауынша, соңғы аптада бірнеше университеттің қызметкерлері мен студенттері жедел көшірілген. «Жарылғыш зат бар» деген хабарламаның барлығы жалған болып шыққан. «Хабарды таратқандар жазасыз қалмайды», дейді жауаптылар.  

Соңғы жаңалықтар

Ғасырлар ғибраты

Наурызнама • Бүгін, 10:15

Шапандар шеруі

Өнер • Бүгін, 10:10

Жүз жыл бұрынғы жыр

Тарих • Бүгін, 10:05

Желкілдеп өскен жас ұрпақ

Тәрбие • Бүгін, 10:00

Құстарға қамқорлық

Қоғам • Бүгін, 09:55

Тазалық – тәртіп пен береке бастауы

«Таза Қазақстан» • Бүгін, 09:45

Рухани өнегесі ағыл-тегіл

Наурызнама • Бүгін, 09:40

Сарандағы «сары қазақ»

Қоғам • Бүгін, 09:35