Қоғам • 11 Қараша, 2021

Сенатта шекарадағы тауар тасымалы бойынша мәселелер қаралды

236 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Сенатор Нұрлан Қылышбаев ҚР Премьер-Министрінің атына жолдаған депутаттық сауалында кәсіпкерлердің Қытаймен шекара арқылы тауар тасымалдау кезінде кездесетін мәселелерін көтерді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Сенатта шекарадағы тауар тасымалы бойынша мәселелер қаралды

Жақында сенаторлар Алматы облысында көшпелі отырыс өткізіп, «Алтынкөл» және «Нұр Жолы» кеден бекеттеріне барып, мемлекеттік органдармен және кәсіпкерлермен кездесу өткізді. Сол кездесуде көтерілген мәселелердің бірі – Қытаймен шекараны кесіп өту қиындықтары. Өткізу пункттерінде жүк автомашиналары мен пойыздардың жиналуы орын алды. Шекарада жүктердің тұрып қалуына байланысты отандық кәсіпкерлер бизнес-қоғамдастық тарапынан үлкен шығындарға ұшырады. Сенатор, сондай-ақ кәсіпкерлермен кездесу барысында заңнамалық қамтамасыз етуді талап ететін көптеген проблемалық мәселелер көтерілгенін атап өтті. Осыған байланысты депутат өткізу бекеттеріндегі жағдайды жақсарту бойынша бірқатар нақты ұсыныстар айтты.

«ҚТЖ» ҰК» акционерлік қоғамының цифрлық трансформациясының кешенді стратегиясын жасау, қағаз құжат айналымын алып тастау, локомотивтік тартқыш, сондай-ақ темір жол желісі мәселелерін шешу, бірыңғай ақпараттық дерекқор құру арқылы көліктік бақылау учаскесін цифрландыру, қытай тарапымен жүргізілетін келіссөздер шеңберінде мемлекеттік органдар «Нұр жолы» өткізу пунктінде тұрып қалған бос тіркемелерді қабылдауды қамтамасыз ету, теміржол, автомобиль көлігімен өткізілетін қазақстандық экспорттық тауарларды қабылдау мәселелерін пысықтау қажет», деді депутат.