Экология • 05 Қараша, 2021

Арамшөптен биопакет дайындады

410 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Ақтау қаласындағы Назар­баев Зияткерлік мектебінің 11-сынып оқушылары Асия Теджен мен Ернар Өмірзақ биология пәні мұғалімі Гүлнұр Чандыбаеваның жетекшілігімен арамшөптен биопластик алу жолын ұсынды. Олар алғашқы өнім ретінде биопакет дайындап та көрген.

Арамшөптен биопакет дайындады

– Біздің жобамыздың ерек­­шелігі – экологиялық тұр­ғыдан таза өнім екенінде. Күн­делікті тұрмыста қол­да­­нып жүрген полиэтилен пакеттердің жойылуына 100 жылдан аса уақыт керек. Ал біздің өніміміз үш жылдың ішінде қарашірікке айналып кетеді. Ал егер қыш­қылдық ортаға түсер болса он ми­нутта жойылады, – дей­ді бірнеше сынақ жұмыс­тарын жүргізген Ернар мен Асия.

Зияткерлердің айтуынша, алғашында мектеп айна­ласындағы арамшөптерді кә­деге жарату қажеттілігі бай­қалған. Кейін ұстаздарымен ой­лана келе биопластик жасап көруге бел байлаған.

– Біз арамшөпті икем­ді ету үшін бірнеше қол­жетімді қос­паларды қостық. Күн­де­лікті тұрмыста қолданып жүр­ген крахмал, бояғыш, жағымсыз иісті жою үшін хош иіс қос­паларын да қостық, – дейді Ернар Өмірзақ.

Сондай-ақ оқушылар био­пакеттің тығыздығын әр­түрлі деңгейде жасауға болатынын айтты.

– Қазіргі пакетіміз 500 грам­ға дейін көтере алады және бірнеше түсте бар. Біз­дің есептеуіміз бойын­ша техноло­гияны автомат­тандырған жағ­­дайда бір өнім­нің құны 30 теңгеге шығады. Алдағы уа­қытта жобамыздың авторлық құқығын қорғап, нарыққа шы­ғарғымыз келеді, – дейді Асия Теджен.

Зерттеушілер қазіргі таңда процесті автоматтандыру ста­ногының механизмін дайындау үстінде. Сонымен қатар станокты жасауға техникалық көмек көрсетуге дайын команда іздеп жатыр.

Назарбаев Зияткерлік мек­тептері желісінде қараша­ның 1-і мен 5-і аралығында ғылыми жобалар байқауы өтіп жатыр. Ақтаудағы Назарбаев Зият­кер­лік мектебінен 12 жоба қа­тысуда. Ернар мен Асияның бұл жобасы да республикалық бай­қауда сынға түседі.

 

Маңғыстау облысы

 

Соңғы жаңалықтар

ЖИ нарығы қалай дамып келеді?

Жасанды интеллект • Бүгін, 09:00

Аграрлы Арқа

Шаруашылық • Бүгін, 08:50

Көктем игілігі – көшет егу

Аймақтар • Бүгін, 08:40

Финтех дәуірі басталды

Digital • Бүгін, 08:35

Әсем киім жарасар...

Мәдениет • Бүгін, 08:30

Дәрігерге дән ризамын

Қоғам • Бүгін, 08:25

Олжасы мол ұлттық спорт

Ұлттық спорт • Бүгін, 08:20

Жүрек қылын тербеген әуен

Өнер • Бүгін, 08:15