Аймақтар • 04 Қараша, 2021

Алматыға қалың қар түсті

259 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматыда қала ішінде – 8 см, тау бөктеріндегі аудандарда – 10 см, таулы аудандарда – 15 см қар жауды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Алматыға қалың қар түсті

Қалалық Тұрғын үй саясаты басқармасынан мәлім еткендей, қазіргі уақытта тротуарларды, жаяу жүргіншілер аймақтарын, қоғамдық көлік аялдамаларын қардан тазарту жұмыстары жүргізілуде.

«Түнгі сағат 03.30-дан бастап қар күреу колонналары ұйымдастырылды. Қар жинауға 517 арнайы техника, оның ішінде 173 құм шашқыш, 165 сыпырушы-жинау техникасы, 52 қар құрсаулаушы, 49 самосвал, 9 автогрейдер және 1400 жол жұмысшысы жұмылдырылды. 185 құм шашқыштың күшімен жолдарға көктайғаққа қарсы материалдар себілуде. Көктайғаққа қарсы 4200 тонна материал пайдаланылды», деді басқармадан.

Сондай-ақ, таулы және тау бөктеріндегі аудандарда қар шығару жұмыстары жүргізілуде. Қала аумағынан жаппай қар шығару таңертеңгі қарбалас шақтан кейін қолға алынады. Аудан әкімдіктерінде бұл жұмыстарды бақылау бойынша тәулік бойы кезекшілік ұйымдастырылды.

Қазгидрометтің болжамына сәйкес, түнде ауа температурасы минус 13 градусқа дейін төмендеді. Бүгін күндіз қар жауып, 6 градусқа дейін аяз күтіледі.