Аймақтар • 04 Қараша, 2021

Жылыжай кешені іске қосылды

541 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Маңғыстау ауданының орта­лығы Шетпе ауылында түрік технологиясымен қызанақ өсіруге арналған жылыжай іске қосылды.

Жылыжай кешені іске қосылды

Ауданы 1 гектарды құрайтын жылыжай жылына 150-160 тонна көкөніс береді деп жоспарлануда. Инвестициялық жобаның құны – 400 млн теңге. Жылыжайды «ЭлектроСерис» ЖШС салып, қажетті қондырғыларды «Serasan» фирмасы орнатты. Жоба аясында жаңа жұмыс орындары ашылып, ауданның 20 тұрғыны тұрақты жұмысқа орналасты.

– 22 қыркүйекте Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Маңғыстау облысына келген сапарында азық-түлік бағасының қымбаттауын тоқтату үшін ауыл шаруашылығы өнімдеріне қолжетімділікті қамтамасыз етуді тапсырған болатын. Мемлекет бас­шысының тапсырмасына сәйкес облыс әкімі бізге бірқатар міндет жүктеді. Алдағы уақытта жылы­жай­дағы өнім көлемін ұлғайту жос­парланып отыр. Осылайша, мамандар жылдың төрт мезгілінде облыс тұрғындарын толықтай қызанақпен қамтымақ, – деді аудан әкімі Тілек Көшмағамбетов.

Қызанақ өндіруге арналған жылыжай ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай аудан тұрғын­дарына берілген ерекше тарту болып отыр.

 

Соңғы жаңалықтар

ЖИ нарығы қалай дамып келеді?

Жасанды интеллект • Бүгін, 09:00

Аграрлы Арқа

Шаруашылық • Бүгін, 08:50

Көктем игілігі – көшет егу

Аймақтар • Бүгін, 08:40

Финтех дәуірі басталды

Digital • Бүгін, 08:35

Әсем киім жарасар...

Мәдениет • Бүгін, 08:30

Дәрігерге дән ризамын

Қоғам • Бүгін, 08:25

Олжасы мол ұлттық спорт

Ұлттық спорт • Бүгін, 08:20

Жүрек қылын тербеген әуен

Өнер • Бүгін, 08:15