Аймақтар • 04 Қараша, 2021

Құрылысқа қолғабыс жасайды

293 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Сотталғандарды оқшау ұстағанмен, жалпы тіршіліктің тынысынан, қоғамнан біржолата аластап тастау қателік болар еді. Соттау – жасаған қылмысына сай жазасын өтеу және қоғамға қайта бейімдеу, тәрбиелеу деген сөз.

Құрылысқа қолғабыс жасайды

Осы орайда Маңғыстау облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесіне қарасты мекемелерде жазасын өтеушілердің өмірге деген құлшынысын арттыру мақсатында түрлі іс-шаралар, еңбекке тарту жұмыстары тұрақты жүргізіліп келеді.

Бұған Маңғыстау облысы бойынша қылмыс­тық-атқару жүйесіне қарасты ГМ-172/8 қауіпсіздігі барынша төмен мекемесінде жазасын өтеушілердің «Универсал Актау» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде жұмыс істеуі дәлел. Серіктестік 20 сотталғанды жұмыспен қамтып отыр.

– Жазасын өтеушілер пластик терезелер жасап уақтылы жалақыларын алып, мемлекет шы­ғынына және жәбірленушіге келтірген шы­ғындарына жалақыларының 50%-ын төлеп келеді. Жазасын өтеушілер мекеме аумағында ашылған «Универсал Актау» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі басшысына және ГМ-172/8 мекеме әкімшілігіне ризашылығын білдіреді. Жалпы мекемеде жазасын өтеушілерге тәлім-тәрбие беру, олардың өмір сүру сапасын арттыруға бағытталған жұмыстар жан-жақты және тұрақты жүргізіліп келеді, дейді жасақ бастығы, әділет майоры Ербол Сәрсенбаев.

Ақтау – құрылыс жұмыстары қарқын алған қала. Сотталған азаматтардың шебер қолы­нан шыққан пластик терезелер Ақтаудың кө­рікті үйлеріне пайдаланылуда. Серіктестік үй құры­лысын салушы компаниялармен өзара келісім жүргізіп, өз өнімдерін нарыққа шығарады. Жырақта жазасын өтеп жүрсе де ел дамуына қанатымен су сепкен қарылғаштай болып өз үлес­терін қосқанына сотталушылар да риза.

Соңғы жаңалықтар

ЖИ нарығы қалай дамып келеді?

Жасанды интеллект • Бүгін, 09:00

Аграрлы Арқа

Шаруашылық • Бүгін, 08:50

Көктем игілігі – көшет егу

Аймақтар • Бүгін, 08:40

Финтех дәуірі басталды

Digital • Бүгін, 08:35

Әсем киім жарасар...

Мәдениет • Бүгін, 08:30

Дәрігерге дән ризамын

Қоғам • Бүгін, 08:25

Олжасы мол ұлттық спорт

Ұлттық спорт • Бүгін, 08:20

Жүрек қылын тербеген әуен

Өнер • Бүгін, 08:15