Хоккей • 03 Қараша, 2021

«Барыс» финдік «Йокеритпен» мұз алаңына шығады

187 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін Нұр-Сұлтанда Құрлықтық хоккей лигасының тұрақты чемпионаты өтеді, онда «Барыс» финдік «Йокеритпен» кездеседі, деп хабарлайды Egemen.kz Sports.kz-ке сілтеме жасап.

«Барыс» финдік «Йокеритпен» мұз алаңына шығады

«Барыс» - «Йокерит» матчының тікелей көрсетілімі Нұр-Сұлтан уақыты бойынша сағат 19:30-да басталады. Хоккей сүйер қауым бұл кездесуді «Qazsport» телеарнасынан тамашалай алады.

25 ойыннан кейін «Барыс» Шығыс конференциясының турнирлік кестесінде 23 ұпаймен жетінші орынды иеленеді.  Ал финдік команда 36 ұпаймен Батыста екінші орында келе жатыр.

«Барыс» сапындағы соңғы матчында «Амурды» 1:0 есебімен жеңсе, ал «Йокерит» сырт алаңда «Сібірді» 2:0 есебімен тізе бүктірді.