Бокс • 01 Қараша, 2021

ӘЧ: Нұрқанат Райыс үшінші жекпе- жегінде де жеңіске жетті

273 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Сербия астанасы Белград қаласында өтіп жатқан бокстан әлем чемпионатында қазақстандық Нұрқанат Райыс ширек финалға шықты, деп хабарлайды Egemen.kz.

ӘЧ: Нұрқанат Райыс үшінші жекпе- жегінде де жеңіске жетті

Нұрқанат Райыс ауғанстандық Сулиман Асламимен шеберлік байқасты. Жекпе-жекте қазақстандық боксшының жинақы қимылы байқалды. Қарсыласқа көп соққыны дөп тигізді. Төрешілер оның жеңісін мойындады.

Нұрқанат 1/32 финалда черногориялық Стефан Савковичті жеңсе, одан кейін молдовалық Влад Гаврилюктен басым түсті. Сондай-ақ бүгін Серік Теміржанов (57 келі) үндістандық Рохит Мормен жеңіп, жарыстың аталған сатысына шықты.

Одан кейін Абылайхан Жүсіпов ширек финал жолдамасын иеленді.

Еске салсақ, бұдан бұрын жарыстың аталған сатысына Теміртас Жүсіпов (48 келі), Махмуд Сабырхан (54 келі), Саматәли Төлтаев (60 келі) және Асланбек Шымбергенов (71 келі) шықты.

Сондай-ақ Сәкен Бибосынов (51 келі), Санатәли Төлтаев (63,5 келі), Нұрбек Оралбай (80 келі) сайысқа түседі.

 

Соңғы жаңалықтар

ЮНЕСКО марапаттаған Мансұров

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:10

Алғашқы PhD

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:00

Мұқтаждың мұңын кім тыңдар?

Қоғам • Бүгін, 07:58

Электр стансасы салынады

Аймақтар • Бүгін, 07:48

Нобельді 2 рет алған ғалым

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 07:43

Ұлылар дәм татқан табақ

Жәдігер • Бүгін, 07:37