Бизнес • 29 Қазан, 2021

БҚО кәсіпкерлеріне қолдау көрсетілді

214 рет
көрсетілді
6 мин
оқу үшін

Бір жылдан астам уақыттан бері Қазақстанның экономикасы күрделі кезеңге тап болып отырғаны мәлім. Оның үстіне пандемия толық аяқталып, бір жүйеге келуге әлі ерте екені де белгілі. Бұл тұста қаржы қозғалысының негізгі көзі болып табылатын кәсіпкерлер осы жағдайда тепе-теңдікті ұстап, табыс табуға ұмтылып отыр, деп хабарлайды Egemen.kz.

БҚО кәсіпкерлеріне қолдау көрсетілді

Осы орайда мемлекеттік бағдарламалар екінші деңгейлі банктермен бірлесіп, кәсіпкерлікті белсенді түрде қолдап отырғанын атап өткен жөн.

Сондай банктердің бірі – «Сбербанк» АҚ ЕБ. Банк БҚО кәсіпкерлерінің өндірістік үдерісіне қаржылай тұрақты қолдау көрсетіп отыр. Атап айтқанда, Орал қаласындағы «Жайық ет» ЖШС, «Кама Қазақстан» сауда үйі» ЖШС және «Квант» ЖШС. Олармен көп жылдан бері серіктестік қарым-қатынас орнатып келе жатқан Сбербанк COVID-19 вирусы кезінде де инвестициялық бағдарламаларды қаржыландыруын тоқтатпай, қайта экномиканың нақты секторын несиелеуде белсенділігін арттыра түсті. 

«Бізге инвестициялық жобаларға да, айналмалы қаражатты толықтыруға бағытталған жобаларға да қатысу ұнайды. Биыл біздің филиал «Қарапайым заттар экономикасы», «Бизнестің жол картасы – 2020, 2025», «Нұрлы жер» секілді мемлекеттік қолдау бағдарламаларына қатысуды көздеп отырған 60-тан аса жобаны қаржыландырды. Біз ірі ұйымдармен жұмыс істеп қана қоймай, шағын және микро бизнеске де қолдау көрсетеміз. Жалпы ісін алға ілгерілеткісі келген клиенттердің бәріне ашықпыз», деді Орал қаласындағы Сбербанк филиалының директоры Светлана Шашкова.

Бүгінгі таңда Сбербанк БҚО-дағы ірі кәсіпорындардың бірі – «Жайық ет» ЖШС-ны қаржыландырып отыр. БҚО-ның нарығында танымал кәсіпорын ет өнімдерін қайта өңдеумен айналысады, бройлердің тұтас және жарты ұшасын, сондай-ақ шұжық, ет және деликатес өнімдері сынды дайын өнімдерді шығарады. Кәсіпорынның өндірістік қуаты тәулігіне 20 тонна. 

а

2016 жылы Сбербанк 3 млдр теңгеге құс фабрикасы кешенінің құрылысын қаржыландырып, осы кезеңге дейін жабдықтар алуға, өндірістік үдерістерді жаңғыртуға және оңтайландыруға көмек көрсетуін жалғастырып келеді. Яғни кәсіпорын банктің айналмалы қаражатын толықтыру кредиттік желісінің қызметіне жүгінеді. 

«Жайық ет» ЖШС-ның директоры Темірғали Ескендіровтің айтуынша, кәсіпорын жылына 4 млн астам бройлер өндіріп шығарады. Алға қойылған мақсат та бір – БҚО-ның нарығын өніммен қамтамасыз ету. «Біз барлық санатта бармыз, дей тұрғанмен, бөлшектеп сатуды жетілдіруге қуатымыз жеткіліксіз. БҚО-ның ішкі нарығының 25 пайызын ғана жайлап отырмыз. Бірақ мақсатымызға біртіндеп қадам басып келеміз, бұл тұрғыда Сбербанк бізге үлкен қолдау көрсетіп отыр»,  деді ол.  

Сбербанктің тағы бір ірі клиенті – «Кама Қазақстан» сауда үйі» ЖШС. 2017 жылы құрылған компания Қазақстан Республикасы аумағында «Татнефть» ЖАҚ-тың мұнай-химия шина кешенінің бірегей өнімдерінің дистрибуциясымен айналысады.

2019 жылы Банк компанияны 700 миллион теңгеден астам сомаға қаржыландырды, оның ішінде бұрынғы автомобиль шиналарын пайдалануға кәдеге жарату жөніндегі зауыт құрылысына 300 миллион теңге, одан әрі резеңке-техникалық бұйымдар өндіретін жабдыққа 250 миллион теңге және арнайы техника сатып алуға 60 миллион теңге қаражат жұмсалды.  

«Компанияның бір бағыты – шиналарды қайта өңдеу және тақташа өңдіру, шиналарды бөлшектеп сату, яғни Қазақстанның қырық дүкені қамтылады деген сөз. Келесісі – жүк тасымалдау және ауыл шаруашылығы. Орал, Нұр-Сұлтан, Алматы қалаларында 1,8 млрд теңгеге үш жобаның аясында кредит желісі ашылған. Олардың бәрін Сбербанк қаржыландырып отыр, Банкке серіктестік, кері байланыс, қолдау көрсеткені үшін алғысымызды айтамыз, өйткені Сбербанктің ақшалай көмек көрсетуі арқылы қаржылық тұрақтылыққа қол жеткізіп отырмыз. Бұл біз үшін маңызды», дейді компания директоры Владислав Голоухов.

«Квант» ЖШС да Орал қаласының ірі кәсіпорындарының бірі. Жұмсақ, корпусты жиһазды, тұрмыстық техниканы, электрониканы көтерме және бөлшек бағамен сатумен айналысатын компанияның төрт өндірісі бар: поролон, матрас, корпусты және жұмсақ жиһаз. 10 000 шаршы метр аумаққа орналасқан фабриканың цехтары жаңа неміс (Hомаg) және италия (Griggiо) жабдықтарымен жарақтандырылған.

Сбербанктің арқасында компания қажетті құрал-саймандар мен автотранспорт сатып алған. Оның өнімдері Қазақстанның біршама өңірінде көтерме бағамен алушыларға табысты өткізіліп отыр.

«Квант» ЖШС-ның қаржы директоры Дмитрий Пшеничный: «Соңғы 8 жылда біздің дамуымыз жақсарды, өндірістік жұмысқа арналған жаңа орындарды салып, жаңа станоктар алдық. Сбербанк арқылы қажетті көлемде жабдықтарды сатып алдық, олар қуаттылықты арттыруға және өнімдердің ассортиментін кеңейтуге септігін тигізді»,  деді.

Айта кету керек, компанияның Сбербанкте белсенді қолданатын айналмалы қаржыны толықтырып отыратын желісі бар.   

«Осы мемлекеттік қолдаудың барлық әдістері біздің даму қарқынымыздың шеңберін кеңейтуге мүмкіндік беріп отыр. Өз күшімізге сенетін болсақ, ондаған жылдар кетер еді, қолдаудың арқасында үш-төрт жылда көздеген мақсатымызға жеттік»,  деді ризашылығын білдіріп,  Дмитрий Пшеничный.