Бизнес • 29 Қазан, 2021

Қазақстанда жас кәсіпкерлер көбейіп келеді

529 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бұл туралы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Жастар және отбасы істері комитетінің төрағасы Шахмардан Байманов айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қазақстанда жас кәсіпкерлер көбейіп келеді

«Қазақстанда жас кәсіпкерлер санының өсуі байқалады. 2018 жылы 29 жасқа дейін тіркелген жас кәсіпкерлер саны 128 мың болса, 2019 жылы бұл көрсеткіш 149 мыңға жетті. Кәсіпкерлікті дамытуға «Жас кәсіпкер» жобасы ықпал етті, онда жастардың бизнеске көбірек тартылуына басты назар аударылды», деп атап өтті Шахмардан Байманов.

Оның айтуынша, бірнеше әлеуметтік өлшемдер бойынша жастардың басты құндылығы – отбасы болып қала береді.