Бокс • 27 Қазан, 2021

Сәкен Бибосынов: Сербияға алтын алуға келдім!

193 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бокстан Сербия астанасы Белград қаласында өтіп жатқан әлем чемпионатын қазақстандық боксшылар сәтті бастағаны белгілі. Токио Олимпиадасының қола жүлдегері Сәкен Бибосынов та бірінші кездесуінде Рио-де-Жанейро Олимпиадасының чемпионы, өзбекстандық Хасанбай Дусматовты жарыс жолынан ығыстырды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Сәкен Бибосынов: Сербияға алтын алуға келдім!

Үш раунд бойы классикалық стильде жұдырықтасқан Сәкен бұл күні Хасанбай Дусматовты еркін ұтты. Азулы қарсыласынан айласын асырған қазақ саңлағы әлем чемпионатына тыңғылықты дайындалып келгенін айтты. «Әлемдік додаға барымды салып дайындалдым. Токиода бұйырмаған алтын медальді осы додада алғым келеді. Сондықтан да Белградқа тек алтын жүлде үшін келген жайым бар. Жекпе-жекте жеңіске жетуім үшін барлық жағдайды жасаған жаттықтырушыларға алғысымды білдіремін», деді ол.

Сәкеннен бөлек 75 килограмм салмақта сынға түкен Нұрқанат Райыс та бірінші кездесуін жеңіспен аяқтады. Ол черногориялық Стефан Савковичті еліне қайтарды. Әзірге рингке шыққан төрт боксшымыздың да ұпайы түгел. Бірінші болып жеңісті жорықты Серік Теміржанов (57 килограмм), Абылайхан Жүсіпов (67 килограмм) бастаған болатын.

Соңғы жаңалықтар

Ғасырлар ғибраты

Наурызнама • Бүгін, 10:15

Шапандар шеруі

Өнер • Бүгін, 10:10

Жүз жыл бұрынғы жыр

Тарих • Бүгін, 10:05

Желкілдеп өскен жас ұрпақ

Тәрбие • Бүгін, 10:00

Құстарға қамқорлық

Қоғам • Бүгін, 09:55

Тазалық – тәртіп пен береке бастауы

«Таза Қазақстан» • Бүгін, 09:45

Рухани өнегесі ағыл-тегіл

Наурызнама • Бүгін, 09:40

Сарандағы «сары қазақ»

Қоғам • Бүгін, 09:35