Футбол • 25 Қазан, 2021

«Қайрат» «Астананы» алтынсыз қалдыруы мүмкін

244 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Футболдан Қазақстан премьер-лигасының аяқталуына бір ғана тур қалды. Күні бұрын қола жүлдені иеленіп қойған Алматының «Қайраты» премьер-лиганың 25 турында елордалық «Астананы» қабылдады, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Қайрат» «Астананы» алтынсыз қалдыруы мүмкін

Турнир кестесінде топ бастаған «Астана» үшін бұл кездесудің маңызы зор болатын. Өйткені маңызды үш ұпай чемпиондыққа тікелей бастап баратын. «Қайраттан» айласын асырса, соңғы турда «Астана» «Арысты» ойнақтап жүріп ұтатыны белгілі еді. Бірақ, мерзімінен бұрын қола медаль иегері атанған «Қайрат» футболшылары бұл күні босаңсыған жоқ. Өздері үшін турнир кестесінде айтарлықтай әсері жоқ кездесуде қарсылас командадан басым түсті. Небойша Косович салған гол «Астананы» алтын медальдан айырды деуге де болатындай.

Өз кезегінде Қостанайдың «Тобылы» ел чемпионы атануға жақын тұр. 25 турда Қарағандының «Шахтер» футбол клубына қарсы жасыл алаңға шыққан қостанайлықтар қарсыластарын 4:1 есебімен тас-талқан етіп жеңді. Бұл кездесуде «Шахтер» футболшыларының бойынан жеңіске деген жігердің ұшқыны да байқалған жоқ.

Соңғы тур алдында көш тізгінін қолға алған «Тобыл» «Астанадан» 2 ұпай алда тұр. Елордалықтар соңғы ойында «Арысты» жеңген күннің өзінде «Тобыл» футболшылары Оралдың «Ақжайық» командасының алдында қорғансыздың күйін кешеді дегенге сену қиын. Әрине, бәрі де мүмкін. Бірақ, «Тобыл» өз мүмкіндігін мүлт жібере қоймас.

Соңғы жаңалықтар

Аталар дәстүріне адалдық

Өшпес даңқ • Бүгін, 11:20

Жезді жәдігерлері

Көрме • Бүгін, 11:00

Елімізде 3 300 Жеңіс бар

Қоғам • Бүгін, 10:50

Құрметке лайық жандар

Инфографика • Бүгін, 10:30

Тарихи кездесу

Өшпес даңқ • Бүгін, 09:50

Қызылжар қырандары

Өшпес даңқ • Бүгін, 09:40

Ерікті болу – елдік іс

Архив • Бүгін, 09:30

Мәншүк есімі – АҚШ мұрағатында

Өшпес даңқ • Бүгін, 09:20

Бел жазбай жұмыс істеген балалар

Өшпес даңқ • Бүгін, 08:50

Ерлердің еңселі ескерткіші

Аймақтар • Бүгін, 08:45

Отыз жасында опат болған оғлан

Өшпес даңқ • Бүгін, 08:40

Жеңіске ерекше үлес қосқан өңір

Аймақтар • Бүгін, 08:30

Момышұлы ардақ тұтқан Мұхаметқұл

Өшпес даңқ • Бүгін, 08:20

Аңдатпа

Аңдатпа • Бүгін, 08:15