Оқиға • 22 Қазан, 2021

Елордада тұрғын үйдің күмбезі әйелдің үстіне құлады

270 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Астанада әйелдің басына тұрғын үй кешенінің төбесінен шынысы бар темір конструктор құлады. Зардап шегуші жансақтау бөлімінде жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz  Нұр-Сұлтан қалалық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Елордада тұрғын үйдің күмбезі әйелдің үстіне құлады

Сығанақ көшесіндегі бизнес-орталықтың шатырынан әйелдің үстіне металл конструкцияның құлауына қатысты полиция түсінік берді.

Оқыс оқиға «102» шұғыл байланыс желісіне биылғы жылдың 22 қазанында сағат 13:00-де келіп түсті. Қатты соққан желдің кесірінен темір күмбез құлап, 56 жастағы әйел зардап шекті.

– Бұл фактіге сәйкес, Есіл аудандық полиция бөлімі ҚР Қылмыстық кодекстің 306-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады, қажетті сараптамалар тағайындалды, – дейді Нұр-Сұлтан қалалық ПД баспасөз қызметі.

Соңғы жаңалықтар

Арандатудан сақ болған жөн

Пікір • Бүгін, 09:40

Жаңа жоба – қоғам талқысында

Реформа • Бүгін, 09:20

«Е-АӨК» платформасы іске қосылады

Шаруашылық • Бүгін, 08:58

Шоттың да сұрауы бар

Экономика • Бүгін, 08:50

Аққу әйгілеген ақиқат

Әдебиет • Бүгін, 08:35