Оқиға • 22 Қазан, 2021

Павлодарда 41 жастағы әйелді өлтіруі мүмкін күдікті ұсталды

400 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Павлодар облысына қарасты Шарбақты ауданының тұрғыны 41 жастағы әйелді өлтірді деген күдікпен қолға түсті. Оның мәйіті Мичурино ауылы маңынан табылды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Павлодарда 41 жастағы әйелді өлтіруі мүмкін күдікті ұсталды

«Кенеттен жоғалған 41 жастағы әйелдің дерегі бойынша жедел қызметкерлер 21 қазан күні сағат 19:30-да Павлодар ауданы Мичурино ауылының шетіндегі орман маңынан зорлық-зомбылық белгілері бар әйелдің мәйітін тапты», деп хабарлады Павлодар облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Құқық қорғау органдары таратқан мәліметке сәйкес, бұл факті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталған.

Павлодар облыстық полиция департаментінің бастығы Нұрлан Мәсімов бұл іс бойынша тиісті сараптамалар тағайындалып, тергеу шаралары жүргізіліп жатқанын айтып өтті.

Департамент өкілдерінің хабарлауынша, осы қылмысты жасады деген күдікпен Шарбақты ауданының 32 жастағы тұрғыны ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалған. Қылмыстың мән-жайы мен себептері анықталуда.

Соңғы жаңалықтар

Қарасай ауданында тартысты көкпар өтті

Аймақтар • 11 Желтоқсан, 2025

Қобыз бен киіз үй ЮНЕСКО тізіміне енді

Мәдениет • 11 Желтоқсан, 2025

Иран Президенті Жүрек орталығына барды

Денсаулық • 11 Желтоқсан, 2025

Оралдан Ташкентке әуе рейсі ашылады

Аймақтар • 11 Желтоқсан, 2025