Қоғам • 23 Қазан, 2021

Қоғамда «қолайсыз отбасылар» көбейген

1252 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгінгі күннің басты мәселелерінің бірі – ата-ана мен баланың қарым-қатынасы. Отбасы құндылықтарын елемей, үйден безген балалар мен ата-ана құқығынан айырылғандар көбейіп келеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қоғамда «қолайсыз отбасылар» көбейген

Бұл мәселені Egemen Qazaqstan газетінің журналисі Бану Әділжан көтерді.

Өткен жылы елордада ата-ана құқығынан айыру туралы сотқа 114 талап арыз берілген. Оның 23-і қанағаттандырылып, 43 іс бойынша қанағаттандырудан бас тартылып, жалпы 66 іс бойынша сот шешімі шығарылған. Статистика мəліметтеріне қарағанда, биылғы 9 айдың ішінде қаралған істер өткен жылмен салыстырғанда 50 есе көп.

Ата-ана құқығынан айырылатындар санатына жұмыссыздар, яғни алимент төлеуден жалтарып жүргендер, сондай-ақ аморальдық өмір сүруге машықтанған, спирттік ішімдіктер немесе есірткі, психотроптық заттарға əуестенгендер жатады.

«Ата-ана құқығынан айыру – мәселені шешудің соңғы жолы емес. Құзырлы органдардың мақсаты да баланы отбасынан айыру емес. Біздің міндетіміз қызды анасынан, ұлды əкесінен алшақтату емес. Басты мақсат – отбасыға дер кезінде қажетті қолдау көрсету, оларды қоғамға қайта  бейімдеу», дейді учаскелік инспектор.

Соңғы жаңалықтар

Бірліктің жоғары көрсеткіші

Референдум • Бүгін, 08:50

Халықаралық байқаушылардың бағасы

Референдум • Бүгін, 08:30

Ақпаратты жедел таратты

Референдум • Бүгін, 08:20

Айман мен Шолпанның тілегі

Референдум • Бүгін, 08:10

Қос ғасыр куәгері де қалыс қалмады

Референдум • Бүгін, 08:00