Футбол • 22 Қазан, 2021

«Қайрат» екі ойында қатарынан жеңілді

357 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Конференция лигасының топтық кезеңінде сынға түсіп жатқан Алматының «Қайрат» футбол клубы үшінші турды түзде Әзербайжанның «Қарабах» командасына қарсы өткізді. Топтық кезеңде жеңістің дәмін татып көрмегенде алматылықтар бұл кездесуде үш ұпай иеленуге тым жақын тұрды, деп жазады Egemen.kz.

«Қайрат» екі ойында қатарынан жеңілді

Кездесудің 19 минутында «Қайраттың» жейдесін киген Хосе Конте пенальтиден есеп ашып, қонақтарды алға шығарды. Таблодағы осы нәтиже ойынның 79 минутына дейін сақталды. Ал сол 79 минутта «Қарабах» футболшысы Рамиль Шейдаев таразы басын теңестірсе, төреші қосқан қосымша уақытта Аббас Гусейнов алаң қожайындарына жеңіс сыйлады.

Үш турдан кейін бар болғаны бір ұпай еншілеген «Қайрат» турнир кестесінде үшінші орынға орныққан. Олар тек доп айырмасымен ғана кипрлік «Омониядан» алда тұр.  

Соңғы жаңалықтар

Аталар дәстүріне адалдық

Өшпес даңқ • Кеше

Жезді жәдігерлері

Көрме • Кеше

Құрметке лайық жандар

Инфографика • Кеше

Тарихи кездесу

Өшпес даңқ • Кеше

Қызылжар қырандары

Өшпес даңқ • Кеше

Аңдатпа

Аңдатпа • Кеше