Аймақтар • 20 Қазан, 2021

Алматыда құтқарушыларға аллея ашылды

339 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматыда құтқарушыларға аллея ашылып, ескерткіш қойылды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Алматыда құтқарушыларға аллея ашылды

Қолына бала ұстаған құтқарушы-жауынгер бейнесі болаттан құйылған. Биіктігі екі жарым метр. Құтқарушылар аллеясында келушілерге барлық жағдай жасалған.

Жүздеген тал отырғызылып, жаяу жүргіншілер жолы салынып, тақырыптық орындықтар қойылды. Қалада күн сайын кезекшілікте 200-ден астам адам, 80 техника және 3 әуе борты дайын тұрады.

Биылғы тоғыз айда алматылық құтқарушылар 182 адамды ажалдан арашалап қалды.

Алматы қаласы әкімдігінің 109 құтқару қызметі – 700-ден астам адамды құтқарды.