Ауа райы • 19 Қазан, 2021

Сейсенбіге арналған ауа райы болжамы

205 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

19 қазан күні республиканың басым бөлігіне антициклон жотасының ықпалы жалғасады. Соған байланысты жауын-шашынсыз ауа райы сақталады, деп хабарлайды Egemen.kz

Сейсенбіге арналған ауа райы болжамы

Елдің тек батысында циклон жырасының әсерінен жаңбыр күтіледі. Солтүстік, шығыс және батыс өңірлерде – тұман, оңтүстік-шығыс, батыс өңірлерде екпінді жел болжанады.

Атап айтқанда, Жамбыл облысының оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында және таулы аудандарында 15-20 м/с күшпен жел соғады, екпіні 23 м/с артады. 

Түнде Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында желдің екпіні 15-20 м/с күшейеді.

Атырау облысының батысында, оңтүстік және орталығында, Қостанай, Шығыс Қазақстан облыстарының солтүстігінде, түнде Павлодар облысының оңтүстігінде, Маңғыстау облысының батысында – тұман, күндіз Қостанай облысының солтүстігінде 15-20 м/с жылдамдықта жел күтіледі.

Соңғы жаңалықтар

Арандатудан сақ болған жөн

Пікір • Бүгін, 09:40

Жаңа жоба – қоғам талқысында

Реформа • Бүгін, 09:20

«Е-АӨК» платформасы іске қосылады

Шаруашылық • Бүгін, 08:58

Шоттың да сұрауы бар

Экономика • Бүгін, 08:50