Спорт • 18 Қазан, 2021

Ең көп жалақы алатын баскетболшы кім?

657 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«Лос-Анджелес Лейкерс» шабуылшысы Леброн Джеймс Forbes мәліметтері бойынша НБА-2021/22 маусымының ең көп төленетін баскетболшысы болды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Ең көп жалақы алатын баскетболшы кім?

НБА-ның төрт дүркін чемпионының осы маусымдағы жалпы табысы 111,2 миллион долларды құрайды. Бұл көрсеткіш НБА тарихындағы рекордтық табыс. 41,2 миллион – ойыншының жалақысы, тағы 70 миллионды Леброн жарнамадан және басқа да түрлі жобалардан алады. Өткен маусымда Джеймс 96,5 миллион табыс тапты.

Екінші орында «Алтын Стэйт» ойыншысы Стефен Карри (92,8 млн), үшінші орында – «Бруклиннің» шабуылшысы Кевин Дюрент (87,9 млн).

Сондай-ақ Леброн Джеймс басқа жіктеуде жоғары көрсеткіштермен ерекшеленді. ESPN сарапшысы Кендрик Перкинс барлық уақыттағы Ұлттық баскетбол қауымдастығының үздік ойыншыларының рейтингін жасады.

Перкинстің пікірінше, ең үздік баскетболшы - Лос-Анджелес Лейкерс лидері Леброн Джеймс. Кендрик тізімінде екінші орында «Чикаго Буллз» командасының аты аңызға айналған ойыншысы Майкл Джордан тұр. Перкинс рейтингінің үздік үштігін даңқ залының мүшесі Кәрім Абдул-Джаббар тұйықтады.

Ондыққа сонымен қатар Лос-Анджелес Лейкерс аңызы Маджик Джонсон, НБА-ның үш дүркін чемпионы Ларри Бирд, әйгілі баскетболшы Шакил О ' Нил, көрнекті баскетболшы Уилт Чемберлен, НБА-ның бес дүркін чемпионы Тим Данкан, әйгілі Лос-Анджелес Лейкерс ойыншысы Коби Брайант және НБА-ның 11 дүркін чемпионы Билл Расселл кірді.