Экология • 14 Қазан, 2021

«Бурабайда» сілеусін фототұзаққа ілінді

774 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«Бурабай» ұлттық паркінің фототұзағы алғаш рет өте сирек кездесетін аң түрі - сілеусінді түсіріп алды, деп хабарлайды, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Бурабайда» сілеусін фототұзаққа ілінді

Ұлттық парк өзінің Instagram-аккаунтында атап өткендей, сілеусін өте сақ жануар, сондықтан оны жасырын камерамен суретке түсіру өте қиын.

«Сілеусін – мысық тұқымдас ең сымбатты аң, ол адамға ешқашан бірінші болып шабуыл жасамайды», деп жазды Ұлттық парк желідегі парақшасында.