Аймақтар • 13 Қазан, 2021

Өскеменде ЖОО-ға түсіру үшін ақша алған алаяқ ұсталды

707 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

30 қыркүйекте Үлбі полиция бөлімінің 102 жедел арнасына қала тұрғыны хабарласып, 2021 жылдың 28 қыркүйегінде парақорлық оқиғасы орын алғанын айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Өскеменде ЖОО-ға түсіру үшін ақша алған алаяқ ұсталды

Арызданушының айтуынша, ұлын Б. есімді азамат қаладағы университеттердің біріне тегін оқуға түсуге көмек көрсетемін деген сылтаумен қала аулаларының бірінде тұрып, 750 мың теңге сомасындағы ақша қаражатын иемденген.

– Жедел-тергеу іс-шараларын жүргізу кезінде полиция қызметкерлері күдіктіні полиция бөліміне  жеткізді. Аталған факті бойынша ҚР ҚК 190-бабы 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды, - деді Өскемен қаласы ПБ бастығы полиция полковнигі Андрей Мула.