Парламент • 06 Қазан, 2021

Нығматулин: Кәсіпкерлерге талапты қатаңдатуға болмайды

235 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мәжілістің жалпы отырысында депутаттар «Өнеркәсіптік саясат туралы» заң жобасын бірінші оқылымда ілеспе түзетулерімен мақұлдады, деп жазады Egemen.kz.

Нығматулин: Кәсіпкерлерге талапты қатаңдатуға болмайды

Мәжіліс Төрағасы Нұрлан Нығматулин аталған құжат өңдеу өнеркәсібін дамыту және өнеркәсіп саласының инвестициялық тартымдылығы мен экспорттық әлеуетін арттыруға бағытталғанын атап өтті.

Осы құжаттағы жаңалықтардың бірі - мемлекеттік қолдау шараларын алушы кәсіпорындар үшін қарсы міндеттемелерді белгілеу. Яғни, мемлекет инвестицияланған ақшадан нақты нәтиже күтуге құқылы. Бұл ретте, Мәжіліс Төрағасы Нұрлан Нығматулин мемлекеттік қолдау шараларын алу кезінде бизнеске мүмкін емес міндеттемелерді жүктемеуге назар аударды.  

«Мәселен, мемлекеттен қолдау күткен кәсіпкер, өз бизнесін қалай жоспарлайды? Өйткені, ол өзінен не талап етілетінін білмейді ғой. Осы заң жобасының үкіметтік нұсқасында да анық көрсетіліп тұр. Кәсіпкер қатаң талаптан құтылу үшін шенеуніктің алдына барып, өтініш жасауына тура келеді. Әрі қарай түсінікті. Шенеунікке ешқандай бақылаусыз шешім қабылдауға мүмкіндік бар, бірден сыбайластық құқықбұзушылыққа жол ашады. Сондықтан бұл норманы үкіметтік нұсқа бойынша қалдыруға болмайды», деді Мәжіліс Төрағасы.

Сонымен қатар Нұрлан Нығматулин мемлекеттік қолдауға жүгінген кәсіпкерлерге талапты қатаңдатуға болмайтынына назар аударды.

«Осыған сәйкес, жұмыс тобына жауапты министрлікпен бірге екінші оқылымға дейін тиісті міндеттемелер жөніндегі норманы нақты, анық және түсінікті етіп толықтыру қажет екенін айтты», деп жазады Парламент Мәжілісінің ресми сайты.

Соңғы жаңалықтар

Инклюзивті кофехана көпке үлгі

Аймақтар • Бүгін, 10:40

Әлібидің жарқын жеңісі

Жекпе-жек • Бүгін, 09:40

Құтқарушылардың қоныстойы

Құтқарушы • Бүгін, 09:20

Уран өңдеу зауыты іске қосылды

Аймақтар • Бүгін, 09:10

Қоқыс импорттайтын мемлекет

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:50

Төрт жылда бір келетін мүмкіндік

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:40

Бирма жазуының сыры

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:30

Жұмбақ Ницше

Мың бір мысал • Бүгін, 08:25

Заманауи киіз үй

Өнер • Бүгін, 08:05

Экобуккроссинг сөресі іске қосылды

«Таза Қазақстан» • Кеше