Хоккей • 05 Қазан, 2021

Шайбалы хоккейден іріктеу турнирі Торре-Пелличеде өтеді

239 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ертең Италияның Торре-Пелличе қаласында шайбалы хоккейден әйелдер арасындағы 2022 жылы алауы тұтанатын Олимпия ойындарының іріктеу турнирі басталады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Шайбалы хоккейден іріктеу турнирі Торре-Пелличеде өтеді

Апеннин түбегіне Қазақстанның ұлттық құрама командасы мынадай құрамда аттанды: Қақпашылар – Арина Щеколова («Айсұлу», Алматы) мен Дарья Дмитриева («Торпедо», Өскемен). Қорғаушылар – Алина Иванченко, Любовь Нольфина, Аида Олжабаева, Анна Пяткова, Ольга Конышева және Эрин Маклин («Айсұлу»). Шабуылшылар – Мәлика Алдабергенова, Пернеш Әшімова, Брианна Бэрндсэн, Екатерина Куценко, Калиста Сенгер, Мадина Тұрсынова, Роксан Риу, Кендра Брод, Татьяна Королева, Лариса Свиридова («Айсұлу»), Мунира Саяхатқызы, Карина Фельзинк («Торпедо»), Надежда Филимонова және Бұлбұл Қартанбай («Томирис», Нұр-Сұлтан). 

Алғашқы кездесуді бұрымдыларымыз ертең Тайпей құрамасына қарсы өткізеді. 9-қазанда Испаниямен күш сынасамыз. Келесі күні Италиямен шеберлік байқасамыз. Осы турнирде топ жарған команда 11-14 қараша аралығында өтетін негізгі іріктеу сынына қатысады.