Аймақтар • 30 Қыркүйек, 2021

Журналистер жалақысын ала алмай отыр

639 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«Шығыс Ақпарат» медиа холдингінің қызметкерлері тамыздан бері жарытып жалақы ала алмай отыр.

Журналистер жалақысын ала алмай отыр

– Үшінші айға кетті, жалақы алмадық. Қыркүйекте балаларды оқуға дайындау үшін қарыздандық. Несиеміздің өсімі ол, өсіп барады. Осы мәселеге құзырлы органдар неге жауап бермейді? Біз тоқтаусыз жұмыс істеп жатырмыз. Тоқсаныншы жылдарға кетіп қалған сияқтымыз. Депутаттар журналистің мәртебесін анықтауымыз керек деп жатса, біз мына жақта жалақымызды жарытып төлесе деп отырмыз, – дейді «Алтайнюс» сайтының редакторы Дарын Нұрсапаров.

«Шығыс Ақпарат» журналистерінің жалақыдан тарылып отырғаны бірінші жыл емес. Белгісіз себептерге байланысты, жылда қайталанатын құбылыс. Аталған ақпарат орталығының құрамында ғасырлық тарихы бар «Дидар» және «Рудный Алтай» газеттері бар. Сонымен қатар үлкен баспахана, «Алтайнюс» сайты, SMM бөлімі бар. Айтқандай, қарамағына бірнеше ауданның газет редакциялары кіреді.

– Еуропаның төрінде, Лондонда «Ұлы даланың алтыны» атты көрме өтуде. Ал жергілікті журналистер қайыр тілеп жүр, – деп реніш білдірді «Дидар» газетінің журналисі Мейрамтай Иманғали.