Президент • 28 Қыркүйек, 2021

Жолдау жүктеген міндеттер қалай жүзеге асырылады?

661 рет
көрсетілді
10 мин
оқу үшін

Үкіметтің баспасөз орталығында Мемлекет басшысының «Халық бірлігі және жүйелі реформалар – ел өркендеуінің берік негізі» атты Қазақстан халқына арнаған Жолдауы бойынша брифинг өтті. Брифингке Премьер-Министрдің бірінші орынбасары Әлихан Смайылов, Ұлттық экономика министрі Әсет Ерғалиев, Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев қатысты.

Жолдау жүктеген міндеттер қалай жүзеге асырылады?

«Мемлекет басшысы «Халық бірлігі және жүйелі реформалар – ел өркендеуінің берік негізі» атты Қазақстан халқына ар­на­ған Жолдауында жоғары сапа­­лы экономикалық өсуді қам­тамасыз ету және халықтың тұр­мыс деңгейін жақсарту бойынша нақты міндеттерді қойды» деді Ә.Смайылов.

Оның айтуынша, Үкіметтің қаржы-экономикалық блогының жұмысы мынадай негізгі бағыт­тар бойынша жүргізілетін болады:

Президенттің инфляцияны бел­гіленген дәліздерге қай­тару тапсырмасын іске асыру мақ­сатында Үкімет 2021-2024 жыл­дарға арналған инфляцияға қарсы әрекет ету шаралары кешенін қабылдады. Бұл шаралар кешені шеңберінде бағалардың өсуін тежеуге және әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының қол­­жетімділігін ұлғайтуға бағыт­тал­ған жедел және жүйелі сипат­тағы 64 шараның іске асырылуы көзделген.

Осы бойынша 2022 жылы кәсіпкерлікті дамыту мақсатында «Қарапайым заттар экономикасы» және «Бизнестің жол картасы» бағдарламалары одан әрі іске асырылады. Жалпы, қар­жы­ландыру көлемі 1 трлн тең­гені құрайды. Микро және ша­ғын бизнеске жүктемені азай­ту мақ­сатында еңбекақы төлеу қоры­нан бірыңғай төлем енгізілетін болады. Бұл осы төлемдерді есептеу мен төлеу тәртібін оңайлатуға, сон­дай-ақ еңбекақы төлеу қоры­на түсетін жалпы жүктемені 2023 жылдан бастап 34%-дан 25%-ға дейін төмендетуге мүм­кін­дік береді. Мемлекеттік қар­жы­ның тиімділігін арттыру және Ұлт­тық қордың активтерін қал­пына келтіру мақсатында арна­йы Мемлекеттік қаржы­ны бас­қару тұжырымдамасы қа­был­да­нады. Бұл бюджет сая­­сатын, мемлекеттік борыш­ты басқару, сондай-ақ Ұлттық қор­дың қара­жа­тын қалы­птас­тыру және пайдалану мәселелерін қамтиды. Мемлекеттік шығыс­тардың тиімділігін және Ұлттық қордан берілетін трансферттер­ді бақылау күшейтіледі», деді  Премьер-Министрдің бірінші орынбасары.

Ә.Смайыловтың айтуынша, артық тосқауылдарды алып тас­тау және заңсыз сауда айналымына қарсы іс-қимыл бойынша ауқымды іс-шаралар жүргізіліп жатыр.

Мемлекеттің экономикаға қатысу үлесі 14%-ға дейін қысқарады

Ә.Смайылов Үкіметтің ел шекарасы арқылы заңсыз сау­да-саттыққа қарсы іс-қимылдың ке­шенді жоспарын бекіткенін айт­­ты. Осыған орай Қазақстанда та­уар­ларды қадағалаудың ұлт­тық жү­йесі енгізілуде. Салықтық және кедендік әкімшілендіру­ді цифр­ландыру тереңдетілуде. «Тауар­лар ағынына мониторинг жүргізу және жалған транзитті қысқарту үшін навигациялық пломбаларды енгізу кеңейтілуде. Тауарларға арналған декларация­ларды бақылау және шығару бөлігінде кедендік функциялар орта­лықтандырылған. Дерек­терді талдау үшін жасанды интел­лект технологиясы енгізілу­де» деді Премьер-Министрдің бірін­ші орынбасары.

Халықаралық тәжірибені ескере отырып, қашықтан өзара іс-қимыл жасауға негізделген ірі бизнестің «көлденең» мони­то­рингі бойынша жоба бастал­ды. Капиталды шетелге шыға­руға және экономиканы оффшо­р­сыз­дандыруға қарсы іс-қимыл бо­йын­ша кешенді жұмыс жүргі­зілуде. Электронды мәлімет­тер алмасу үшін ЭЫДҰ-мен көпжақ­ты конвенцияға қол қойылды.

Ұсынылған шаралар мем­лекет­тік бюджет кірістерін арт­ты­ру­ға бағытталған. «Пре­зи­дент­­тің мемлекеттің эко­номикаға қа­ты­суын қысқарту жөніндегі тап­сыр­масын іске асыру мақ­сат­ында жеке­шелен­дірудің 2021-2025 жылдарға арналған Кешен­ді жоспары іске асырылу­да. Ны­сандардың 50%-ы жекеше­лен­діруге осы жылдың соңы­на дейін, 30%-ы – 2022 жылы және 10%-ы 2023 және 2024 жылдары шыға­ры­лады» деді Ә.Смайылов.

Әрбір жекешелендіру нысаны бойынша сатудың жол карталары әзірленіп, мемлекеттік мүлік тізіліміне енгізілді. Вице-премьер атап өткендей, Мемлекеттік мү­лік комитетінің электронды ала­ңында ашық сауда-саттық ар­қылы жекешелендіру қарқын­ды жүріп жатыр. Жалпы алғанда, бұл шаралар 2025 жылға қарай мем­лекеттің экономикаға қатысу үлесін 14%-ға дейін қысқартуға мүмкіндік береді.

Президент Жолдауында ква­зи­мемлекеттік сектордың же­ке­леген субъектілерінің шы­ғын­­дылық проблемасын шешу мін­­де­тін қойған еді. Осы бағытта Есеп комитетімен бірле­сіп, әрбір ұлт­тық компания мен мем­ле­кет­тік кәсіпорынның қызметіне қажетті талдау жүргізіледі. Со­ны­мен қатар квазимемлекеттік сектор компанияларының бірін­ші бас­шыларының даму жос­пар­ларындағы көрсеткіштерге қол жеткізбегені үшін, оның ішінде шығындарға жол бергені үшін жауапкершілігін нормативтік тұрғыдан қарастыру ұсыны­ла­ды. «Өңірлік саясатты жетіл­діру бағыты бойынша Мемлекет бас­­­шысы «Агломерацияларды дамы­­ту туралы» заңды әзірлеу мін­детін қойды. Заң жобасы бо­­йын­ша жұмыс Дүниежүзілік банк­­пен бірлесіп жүргізілу­де. Ол қазір­гі реттеушілік және инс­­­титу­ционалдық ортаны және а­г­ло­­ме­ра­цияларды басқарудың ағым­дағы мәселелерін бағалау­ды, олар­ды дамыту бойынша тәсіл­дерді әзірлеуді қамтиды» деді Ә.Смайылов.

Жергілікті өзін өзі бас­қаруды одан әрі дамыту мақ­са­тында Мемлекет басшысы бюд­жетке «халықтық қаты­су­­дың» оң тәжірибесін 10 есе ке­ңей­туді та­п­сырған еді. Ха­лық­тың мем­ле­кет­тік қаржы­ны бас­қаруға және бақы­лауға, әсі­ре­се, абаттан­дыру және тұр­ғын үй-комму­нал­дық ша­руа­­шы­лы­ғы бойынша қаты­суын кеңей­ту мақсатында нор­матив­тік құ­қықтық актілер­ге тиіс­т­і түзету­лер енгізіледі. «Эко­но­микалық өсудің жо­ғары са­пасын қамтамасыз ету және хал­ықтың өмір сүру дең­гейін жақсарту бойынша Мем­лекет басшысының Жолдауда Үкі­метке қойған міндеттері то­­лық және мерзімінде орындала­ды. Шараларды іске асыруға қа­жет­ті қаражат бюджетте то­лық көзделеді» деді Ә.Смайылов.

 

3,5 млн жұмысшының табысы артады

Әлихан Смайылов бұқара­лық ақпарат құралдары өкіл­дері­нің брифингте қойған сұ­рақ­тарына жауап берді. Ең тө­мен­гі жалақының өсуі (ЕТЖ) тауар­­лардың одан әрі қымбат­тауына алып келмей ме және бұл инфляцияға әсер ете ме, сондай-ақ Қазақстан бюджеті ЕТЖ-нің өсуіне төтеп бере ала ма деген сұраққа, вице-премьер «ең төменгі жалақының өсуі тұтыну қоржынының құра­мы­на кіретін тауарлар мен қыз­мет­­­терге қосымша сұраныс құ­ру­ды білдіреді» деп жауап бер­ді. «Жүргізілген есептеулерге сәй­кес, ең төменгі жалақыны қазіргі 42 500 теңгеден 60 мың теңгеге дейін ұлғайту инфляцияға 0,7 пайыз деңгейінде әсер етеді. Яғни бұл инфляцияның белгілі бір қысқа мерзімді өсуіне алып келуі мүмкін. Өндірісті сұраныстың өсуіне бейімдегеннен кейін инф­ля­­­цияға әсері біртіндеп әлсі­рей­ді» деді Ә.Смайылов.

Сонымен қатар оның ай­туынша, ЕТЖ артуы салдары­нан тұтынудың өсуі оң макро­эконо­микалық әсерлерге әкеледі. ЕТЖ өсуі жалақысы 60 мың теңгеге дейін айлық алатын 1 млн 650 мың жалдамалы қызметкердің ақшалай табысының өсуіне жол ашады. ЕТЖ артуының кас­кадтық әсерін ескере отырып, қосымша тағы 2 млн-ға жуық жұмыскердің табысы артады. Осылайша, ЕТЖ артуының жалпы әсерін кемінде 3,5 млн қызметкер сезінеді.

Салықтық және кедендік әкімшілендіруді жетілдіру жалғасады

Брифинг барысында Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев Мемлекет басшысының Жол­дауында берілген тапсырмалары­на сәйкес осы министрлік әзірлеп жатқан қанатқақты жобалардың тиімділігіне қатысты түсінік берді. Министрдің айтуынша, қазіргі уақытта Қаржы министрлігін­де 5 қанатқақты жоба әзірле­ніп жатыр. Бұл жобаларға жеке бюд­жет қаражаты көзделмеген. Жо­­ба­лар адал салық төлеуші қан­дай қиындықтарға тап болуы мүм­кін екенін түсіну үшін са­лық төлеу­шілермен байланыс ор­­нату мақсатында әзірленеді. Бо­ла­­шақта бұл қанатқақты жоба­лар салықтық әкімшілендіруде қол­данылады. Мысалы, таңбалау бо­йынша және тауарларға ілеспе жүк­құжаттар бойынша қанат­қақ­ты жобалар шеңберінде бөл­шек сауда өкілдерін Мемлекеттік кірістер комитетінің қанатқақты жобаларына қатысудан босату көзделіп отыр. Министрдің айтуынша, Мемлекеттік кірістер комитетінің барлық сынақ жобасы бизнес-қоғамдастыққа тал­қы­лауға шығарылады, қазір­дің өзінде көптеген ұсыныстар қабыл­­данған.

Жалпы, салықтық және ке­ден­дік әкімшілендіруді жетіл­діру және оны цифрландыру есебінен соңғы 3 жылда бюджетке қосымша 2 трлн теңгеге жуық қаржы түскен. Министр, сондай-ақ ведомство кез келген сындарлы сынды қалыпты қабыл­дайтынын және диалог орнатуға әрқашан дайын екенін атап өтті. Мысалы, бизнес субъектілерін тексеруге мораторийді жою туралы сынға қатысты министр мораторий Президенттің Жарлығына сәйкес 2023 жылғы 1 қаңтарға дейін жалғасатынын түсіндірді.

 

Салықтар мен төлемдер бойынша жүктеме төмендетіледі

Ұлттық экономика министрі Әсет Ерғалиев микро және шағын бизнес үшін жиынтық жүктемені 34%-дан 25%-ға дейін төмендете отырып, еңбекақы төлеу қорынан бірыңғай төлем енгізу туралы айтып берді. Қолданыстағы заңна­ма­ға сәйкес, бизнес ЕТҚ-дан 5 тө­лем төлеуге мәжбүр, бұл ша­ғын бизнес үшін техникалық және әкім­шілік тұрғыдан тым көлем­ді. Бұл – жеке табыс салы­ғы, әлеу­мет­тік салық, мін­детті зей­­нет­ақы жар­насы, ме­ди­цина­лық және әлеу­меттік сақ­тан­ды­ру бойынша жар­на­лар, бұл кә­сіп­­керлерге ай­тар­лық­тай жүк­теме болып отыр. Осы са­­лықтар мен төлемдер бойын­ша нақ­ты жүктеме биыл 33,5%-ды құ­­рай­ды. Осыған байланысты тө­лем­­дерді біріктіру, бірыңғай тө­лем­­нің құрамына енгізу және жал­пы жүктемені 25%-ға дейін төмен­­дету бойынша жұмыс жүр­гі­зіл­­­­мек. «Түпкілікті тәсілдер жылдың соңына қарай Жол­­дау­ды іске асыру жөніндегі Жал­пыұлттық іс-шаралар жоспары­на сәйкес әзірленеді. Тиісті төлем жүйелері 2023 жылдың 1 қаң­тары­нан бастап жаңа қағидат бойынша жұмыс істей бастайды», деді Ұлт­тық экономика министрі.

Оның айтуынша, келесі жылы экономиканың өсуі 3,9% дең­гейінде болжанып отыр, ал инфляция деңгейі 4,6% дәлізінде сақталады.