Медицина • 27 Қыркүйек, 2021

Медициналық заттарды зертханалық сынақтан өткізу орталығы құрылады

220 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Премьер-Министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов елдегі санитарлық-эпидемиологиялық қызметтерді материалдық-техникалық күшейту туралы айтып берді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Медициналық заттарды зертханалық сынақтан өткізу орталығы құрылады

«12 зертхана жоғары технологиялық жабдықтармен қамтамасыз етіледі. Бұл өз кезегінде азық-түлік, балалар ойыншықтарын, су мен өзге де өнімді зерттеуге мүмкіндік береді. Яғни токсинді элементтерді, тұздарды, металлдарды анықтау мақсатында жүргізіледі.

Сонымен қатар медициналық заттарға қатысты зертханалық әрі техникалық сынақтан өткізу бойынша орталық құрылады. Осы орайда халықаралық стандарттар тұрғысында дәрі-дәрмек пен медициналық заттарды қауіпсіздік пен сапа бойынша сынақтан өткізуге мүмкіндік береді», деді Үкімет басшысының орынбасары онлайн баспасөз мәслихатында.

 

 

Соңғы жаңалықтар

Робот ота жасады

Ғалам ғажаптары • Кеше

Ең ұзын туннель

Ғалам ғажаптары • Кеше

Отыз үйрек, бес қырғауыл

Аймақтар • Кеше

Қазақстанда мал ауруы 51%-ға төмендеді

Шаруашылық • 12 Желтоқсан, 2025