Спорт • 27 Қыркүйек, 2021

Аргентина мен Бразилия жартылай финалға шықты

144 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Футзалдан Латвияда өтіп жатқан әлем чемпионатында жартылай финалға шыққан алғашқы екі команда белгілі болды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Аргентина мен Бразилия жартылай финалға шықты

Каунаста Аргентина мен Ресей құрамалары күш сынасты. Бұл ойынның бірінші таймында есеп ашылған жоқ. Тек үзілістен кейін ғана қос команда бір-бірінің қақпасынан саңлау тапты. 25-минутта Леандро Куццолино тепкен доп маңдайшаға тиіп барып, нысанаға дөп түсті. Арада 10 минут өткеннен соң ресейліктер таразы басын теңестірді. Голдың авторы – Артем Антошкин. Экстра-таймда жеңімпаз анықталмады. Ал пенальти соғу барысында аргентиналықтардың асығы алшысынан түсті. Соңғы сәтте Ресейдің туы астында өнер көрсетіп жүрген бразилиялық Алвес Нобре Ромуло мүлт кетті. Есеп – 5:4.  

Келесі кездесу Бразилия мен Марокко арасында өтті. Бұл бәсекенің тағдырын 11-минутта Родриго соққан жалғыз гол шешті – 1:0. Ол айып добын қақпаға қаңырата теуіп, өз командасына жеңіс сыйлады.