Аймақтар • 24 Қыркүйек, 2021

Алматыда ер адам балабақшаға тапаншамен кірмек болған

146 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматыда ер адам тапаншамен қорқытып, балабақшаға кірмек болған. Полиция бұл оқиға бойынша тексеріс жүргізіліп жатқанын айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Алматыда ер адам балабақшаға тапаншамен кірмек болған

Әлеуметтік желілерде ер адамның полициямен сөйлесіп тұрғанын және оның көлігіне тінту жүргізілгені түсірілген видео пайда болды. Видеоны түсірушінің айтуынша, ер адам баланы балабақшаға әкелгенін, бірақ күзетші оны кіргізгісі келмегенін білуге болады. Содан кейін ол тапаншамен қорқыта бастаған. Күзетшілер полиция шақырған.

Полиция департаменті бұл оқиғаны Наурызбай аудандық полиция басқармасы тіркегенін хабарлады. Полиция ер адамның көлігіндегі тапаншаның ресми рұқсаты бар екенін анықтады.

Қазіргі уақытта тексеру жүргізіліп жатыр, заңнамаға сәйкес шаралар қабылданатын болады.

Соңғы жаңалықтар

Ғасырлар ғибраты

Наурызнама • Бүгін, 10:15

Шапандар шеруі

Өнер • Бүгін, 10:10

Жүз жыл бұрынғы жыр

Тарих • Бүгін, 10:05

Желкілдеп өскен жас ұрпақ

Тәрбие • Бүгін, 10:00

Құстарға қамқорлық

Қоғам • Бүгін, 09:55

Тазалық – тәртіп пен береке бастауы

«Таза Қазақстан» • Бүгін, 09:45

Рухани өнегесі ағыл-тегіл

Наурызнама • Бүгін, 09:40

Сарандағы «сары қазақ»

Қоғам • Бүгін, 09:35