Оқиға • 21 Қыркүйек, 2021

Вакцина алмаған Президент көшеде тамақтануға мәжбүр болды

141 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бразилия Президенті Джаир Болсонаро COVID-19 инфекциясына қарсы вакцина алмағанына байланысты Нью-Йорктегі мейрамханаға кіре алмады. Бұл туралы Egemen.kz Reuters агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Вакцина алмаған Президент көшеде тамақтануға мәжбүр болды

Мемлекет басшысы АҚШ-қа БҰҰ Бас Ассамблеясының 76-сессиясына қатысу үшін келген. Ұйымның ғимаратына кіру үшін вакцинация туралы растаманың болуы міндетті емес. Бірақ Нью-Йоркте вакцинасыз қоғамдық тамақтану орындарына баруға тыйым салынған. 

Бұған дейін Нью-Йорк мэрі Билл де Блазио қалаға келетін әлемдік көшбасшыларды сапар алдында екпе жасатуға үндеген. БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерриш те дәл осындай мәлімдеме жасаған еді.

Соңғы жаңалықтар

Алматыда екі қабатты қоймада өрт шықты

Төтенше жағдай • Бүгін, 14:18

Панфиловке баратын жол жаңарды

Инфрақұрылым • Бүгін, 12:40