Аймақтар • 19 Қыркүйек, 2021

Маңғыстау облысына мал азығы жеңілдетілген тарифпен жеткізіледі

312 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ Маңғыстау облысы әкімдігінің сұранысы бойынша осы жылдың бірінші қарашасына дейін жем-шөп тасымалдауға жеңілдік тарифтерін енгізу туралы шешім қабылдады.  Бұл туралы Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады Egemen.kz.

Маңғыстау облысына мал азығы жеңілдетілген тарифпен жеткізіледі

2021 жылдың 20 қыркүйегінен бастап 2021 жылдың 31 қазан аралығында «ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС – «Маңғыстау ЖК бөлімшесі» филиалының станциясында республикалық қатынаста әмбебап меншікті вагондармен бидай кебегін, құрама жемді, арпаны, астық қалдықтарын, күнжараны, жемшөп ұнтағын, тамақ өнеркәсібінің қалдықтарын тасымалдау мынадай тәртіппен есептеледі:

1) магистральдық темір жол желісі қызметтерінің тарифтері ҚР Табиғи монополияларды реттеу Комитеті белгілеген есептеу тәртібіне сәйкес толық көлемде есептеледі;

2) локомотивтік тартым қызметі мен жүк және коммерциялық жұмыс қызметтерінің тарифтері 0,01 коэффициентімен есептеледі;

3) «Қазтеміртранс» АҚ вагондары үшін жұмыс мөлшерлемесі 0,01 коэффициентін қолдана отырып есептеледі;

4) Басшылықта белгіленген жүктерді тасымалдауға байланысты қосымша қызметтер үшін 0,01 коэффициентін қолдана отырып есептеледі;

5) Магистралды, станциялық жолдарда меншікті вагондардың аялдағаны үшін төлем 0,01 коэффициентін қолдана отырып есептеледі.

0,01 коэффициенті дегеніміз-төмендетілген жеңілдік тарифі. Тасымалдау тізімінің сомасы белгіленген есептеу тәртібіне сәйкес жүргізіледі. Яғни 0,01 коэффициенті тасымалдаушының тізімінде көрсетілген жүктің санына көбейтіледі. Нәтижесінде жеткізілген тауардың ең төменгі есебі шығады.

Мысалы, құрама жем тиелген вагон Қостанай-Маңғыстау бағыты бойынша жіберілетін болса, стандартты тарифтер бойынша тасымалдау құны шамамен 420 мың теңгені құрайды. 0,01 төмендетілген жеңілдікті тарифпен есептеулер бойынша осы маршрут бойынша жеткізу сомасы шамамен 100 мың теңге.

Соңғы жаңалықтар

Петропавлда базардағы сауда орны өртенді

Төтенше жағдай • 08 Қараша, 2025

Қайта жанданған «Qazaq Camel»

Өндіріс • 08 Қараша, 2025

Теңге бағамының қаржы нарығына әсері

Экономика • 08 Қараша, 2025

Елге сенімі жоғары

Қоғам • 08 Қараша, 2025

Сазды мектебінің үздік ұстазы

Ұстаз • 08 Қараша, 2025

Мұратану мұраты

Ғылым • 08 Қараша, 2025

ЖИ туралы заң нені көздейді?

Жасанды интеллект • 08 Қараша, 2025

Карбон полигонының мүмкіндігі зор

Шаруашылық • 08 Қараша, 2025

Еңбеккерлердің мерейін тасытты

Аймақтар • 08 Қараша, 2025

Ұлттық спорт – табыс көзі

Ұлттық спорт • 08 Қараша, 2025

Ізденген ілгері басады

Қоғам • 08 Қараша, 2025

Кішкентай қателік

Ғалам ғажаптары • 08 Қараша, 2025

Сац театры: сахнадағы 80 жыл

Театр • 08 Қараша, 2025

Тәтті тасқын

Ғалам ғажаптары • 08 Қараша, 2025