Әлем • 19 Қыркүйек, 2021

SpaceX азаматтық экипажы Жерге оралды

320 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

SpaceX-тің алғашқы азаматтық коммерциялық экипажы мінген Crew Dragon кемесі ғарышта үш күн болды, деп жазады Egemen.kz.

SpaceX азаматтық экипажы Жерге оралды

Кеме Атлант мұхитының  Флорида жағалауына аман-есен қонды. Ол Inspiration4 миссиясының Twitter парақшасында тікелей эфирде көрсетілді.

Еске салайық, 16 қыркүйекте SpaceX-тің Falcon 9 зымыран тасығышы Флорида штатындағы Канаверал мүйісіндегі ғарыш айлағынан экипажы тек қана бейбіт тұрғындардан құралған Crew Dragon ғарыш кемесін орбитаға ұшырды. Кемеде кәсіпкер Джаред Исаакман, зерттеуші Сиана Проктор, дәрігер Хейли Арсенокс және АҚШ Әскери-әуе күштерінің ардагері Кристофер Семброски болды.

Inspiration 4 қайырымдылық мақсатта ұшырылды. Одан түскен қаражат балалар онкологиялық ауруханасына бөлінеді.

Соңғы жаңалықтар

Елге сенімі жоғары

Қоғам • Кеше

Мұратану мұраты

Ғылым • Кеше

ЖИ туралы заң нені көздейді?

Жасанды интеллект • Кеше

Ұлттық спорт – табыс көзі

Ұлттық спорт • Кеше

Кішкентай қателік

Ғалам ғажаптары • Кеше

Тәтті тасқын

Ғалам ғажаптары • Кеше