Коронавирус • 14 Қыркүйек, 2021

Қазақстанда коронавирус өсімі 35 пайызға төмендеді - Цой

163 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстанда коронавирус өсімі 35 пайызға төмендеді. Бұл туралы Үкімет отырысында ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қазақстанда коронавирус өсімі 35 пайызға төмендеді - Цой

«Әлемде COVID-19-бен науқастану және одан өлім-жітімге қатысты ахуал әлі де құбылмалы болып тұр. Әлемде жалпы КВИ-дің 244 млн-нан астам жағдайы тіркелген.

Күн сайын 300 мыңнан астам жағдай тіркеліп жатыр. 4,6 млн-нан астам адам қаза тапты. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының Еуропалық өңірі мәліметтеріне сәйкес, соңғы 2 аптада 54 елдің 26-да аурудың өсімі байқалады», деді министр.

Оның айтуынша, соңғы 7 күнде коронавирустың ең жоғары өсімі Мажарстанда - 100 пайыз, Украина, Польша, Молдовада - 60-80 пайыз, Аустрия, Германия, Беларусьте - 30-50 пайыз, Черногория, Армения және Израильде 8-20 пайыз болған. Ал Испанияда ауру өсімі - 60, Францияда - 40, Грузияда - 39, Әзербайжанда - 16, Италияда - 13, Швейцарияда - 12, Ресейде 9 пайызға төмендеген.

«Қазақстанда ауру өсімі соңғы 2 аптада 35 пайызға төмендеді», деді Алексей Цой.

Соңғы аптада Қазақстанда ауру деңгейі 14 пайызға төмендеп, аптасына 31 мың жағдайдан 25 мыңға дейін қысқарды.

Соңғы жаңалықтар

Керек дерек

Digital • Кеше

Қайта жаңартылған көпір

Аймақтар • Кеше

Өлең боп өмір кешкен

Руханият • Кеше

Алаш дәрігері

Тұлға • Кеше

Нияз батыр

Зерде • Кеше

Ауадан бензин жасаған

Ғалам ғажаптары • Кеше

Кездейсоқ жаңалық

Ғалам ғажаптары • Кеше

Пойыздағы арпалыс

Театр • Кеше

Пайдалы пластик

Ғалам ғажаптары • Кеше