Спорт • 12 Қыркүйек, 2021

Қазақстандық балуандар Минскте үш медаль жеңіп алды

375 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстандық балуандар Минскте күрес түрлерінен «Александр Медведь» халықаралық турнирінде сәтті өнер көрсетуде, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қазақстандық балуандар Минскте үш медаль жеңіп алды

Белорусь елінде күрес түрлерінен Гран-при кезеңі өтіп жатыр. Әйелдер күресі бойынша сынға түскен қазақстандық балуандар ел қоржынына үш медаль салды.

Атап айтқанда, Аяжан Саду (72 келі) мен Эльмира Сыздықова (76 келі) күміс медальмен күптелді.

Ал 55 келіде белдескен бұрымды балуан Гүлдана Белдеш қоржынды қоламен толықтырды.

Айта кетерлігі, еркін күрес бойынша бозкілемге шыққан қазақстандық Азат Оганиссян финалға жолдама алды. 61 келіде бақ сынайтын ол жергілікті балуан Андрей Бекреновпен жарыстың алтынын сарапқа салады.

Соңғы жаңалықтар

Керек дерек

Digital • Кеше

Қайта жаңартылған көпір

Аймақтар • Кеше

Өлең боп өмір кешкен

Руханият • Кеше

Алаш дәрігері

Тұлға • Кеше

Нияз батыр

Зерде • Кеше

Ауадан бензин жасаған

Ғалам ғажаптары • Кеше

Кездейсоқ жаңалық

Ғалам ғажаптары • Кеше

Пойыздағы арпалыс

Театр • Кеше

Пайдалы пластик

Ғалам ғажаптары • Кеше