Қазақстан • 06 Қыркүйек, 2021

Отбасылық зорлық-зомбылық туралы қылмыстық істерді әйелдер жүргізеді

665 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

ҚР ІІМ Қарағанды академиясы бастығының орынбасары Олжас Сейітжанов болашақ тергеушілер жөнінде айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Отбасылық зорлық-зомбылық туралы қылмыстық істерді әйелдер жүргізеді

«Бүгінде ҚР ІІМ Қарағанды академиясы бакалавриаттың, алғашқы кәсіби дайындықтың, магистратураның, докторантураның және біліктілікті арттыру курстарының білім беру бағдарламаларын іске асыратын заманауи ғылыми-білім беру кешені болып табылады», деді Олжас Сейітжанов.

Спикер Қарағанды академиясы зерттеулерге 4 түрлі рұқсат бере отырып, кәсіби тергеушілер мен криминалистерді даярлауды жүзеге асыратын жалғыз оқу орны болып табылатынын алға тартты.

«Бұл ретте біздің академияда жігіттермен қатар қыздар да оқиды. Қазірдің өзінде оларды оқыту векторы отбасындағы зорлық-зомбылық және кәмелетке толмағандарға қатысты қылмыстар туралы қылмыстық істерді тергеуге бағытталған», - деп толықтырды Олжас Сейітжанов.

Айта кетсек, академияның білім беру қызметінде дәстүрлі технологиялармен қатар жаңа форматтағы полицейлерге қажетті білім, дағдылар мен біліктіліктер кешенімен болашақ ІІО қызметкерлерін қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін инновациялық технологиялар, әдістер мен тәсілдер белсенді қолданылады.

Соңғы жаңалықтар

Аңдатпа

Аңдатпа • Бүгін, 09:15

Сарқылмас ойдың кені

Қоғам • Бүгін, 09:10

Ырыздықты молайтуға ұмтылыс

Шаруашылық • Бүгін, 09:07

Көктем шуағын еселеген саябақ

Аймақтар • Бүгін, 08:57

Әмбебап медиаменеджер

Руханият • Бүгін, 08:53

Әдеби сынның бәсі қандай?

Әдебиет • Бүгін, 08:50